12.09.2019, 19:59 27403

Қазақстан Президенті Ханчжоуда әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерді шығаратын көшбасшы "Hikvision" компаниясына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласына келді.

Нұр-Сұлтан. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы "Hikvision" компаниясының офисіне барды, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласына келді.

Қазақстан Президенті Ханчжоуда әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерді шығаратын көшбасшы "Hikvision" компаниясына барды.

Компанияның Басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына "Hikvision" компаниясының қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Орталық Азия бойынша қолға алынған коммерциялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның робототехника саласында, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интелект және заманауи технологиялар бағытында жасалған жұмыстарын көрсетті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны