12.09.2019, 23:29 28966

Ақмола облысының әкімі Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралады

Жеңiл атлетика манежiнен Ермек Маржықпаев бiрден жақын орналасқан объектiлерге барды. Стадионда "Оқжетпес" футбол клубының жаттығу үрдiсiмен танысты және бас бапкер Андрей Карповичпен әңгiмелесiп, команданың биылғы маусымдағы перпективасын талқылады.

Көкшетау. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды.

"Бiз мұндай кең ауқымды күткен жоқпыз!", - дедi жеңiл атлетикадан облыстың бас бапкерi Василий Чуйко облыс әкiмi Ермек Маржықпаевқа Көкшетау қаласы жеңiл атлетикалық манежiне жүргiзiлiп жатқан күрделi жөндеуге қатысты айтқан пікірінде.

Өңiр басшысы реконструкциялау жұмыстары аяқталып келе жатқан спорт кешенiнде болды. Жазғы маусымда мердiгерлер төбесiн, жылу жүйесiн, су құбырлары мен кәрiз желiлерiн ауыстырды. Қазiргi уақытта ғимараттың қасбетiн жөндеу 90%, iшкi жұмыстары 80% орындалды, соның iшiнде залдағы еден толық кепкеннен кейiн "Регупол" жоғары сапалы жабыны төселедi. Жалпы, ғимарат құлпырды және заман талаптарына толық сәйкес келедi.

Жеңiл атлетика манежiнен Ермек Маржықпаев бiрден жақын орналасқан объектiлерге барды. Стадионда "Оқжетпес" футбол клубының жаттығу үрдiсiмен танысты және бас бапкер Андрей Карповичпен әңгiмелесiп, команданың биылғы маусымдағы перпективасын талқылады. "Истоки" мәдениет үйiнде өңiр басшысы балалар үйiрмелерi мен секцияларының жағдайларымен танысты.

"Жастар" аллеясының жағдайын оң бағалап, облыс әкiмi қала әкiмiне келесi жылға қала тұрғындарының демалысы мен спортпен шұғылдануы үшiн жаңа орындар жоспарлауды, сондай-ақ тұрғындар арасында түсiнiктеме беру жұмыстарын белсендi жүргiзудi тапсырды: "Соңғы екi жылда Көкшетау қаласында төрт жаңа аллея ашылды. Салып жатқан кезде бәрi қуанады, ал бiр айдан кейiн объектiлер вандализмге ұшырайды. БАҚ-тар мен әлеуметтiк желiлер арқылы қала тұрғындарына облыс орталығын жайлыландыруға ұқыпты қарау қажеттiгiн түсiндiру керек".

Қалалық РК-2 қазандығының алаңында Ермек Маржықпаевқа алдағы жылу беру кезеңiне дайындық барысы туралы баяндалды. М.Ғабдуллин көшесiнiң бойында облыс әкiмi жаңа көпiрдiң құрылысын және Абай, Ақан серi көшелерiмен қиылыстар арасындағы жол учаскесiн реконструкциялау барысымен танысты. Жұмыстар бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiлiп жатыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны