08.10.2019, 21:46 11883

Онкологиялық көмек бойынша кешенді жоспарды орындамаған медициналық мекемелердің басшылары қызметінен босатылуы мүмкін

Биыл 8 айда бірнеше өңірде: Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында асқынған обыр ауруына шалдыққандар саны өскені байқалады. Пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші бойынша Қарағанды облысында да нәтиже жақсы емес. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында кешенді жоспар толық орындалмаған.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Елжан Біртановтың төрағалығымен 7 қазанда облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қатысуымен өткен кеңесте 2018-2020 жылдарға арналған онкологиялық ауруларға қарсы күрес бойынша кешенді жоспардың қорытындысы талқыланды.

Биыл 8 айда бірнеше өңірде: Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында асқынған обыр ауруына шалдыққандар саны өскені байқалады. Пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші бойынша Қарағанды облысында да нәтиже жақсы емес. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында кешенді жоспар толық орындалмаған.

Отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрі облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына кешенді жоспардың міндеттеріне ерекше назар аударып, оны орындамағандарға тиісті шара қолдануға кеңес берді. Қажет болған жағдайда КЖ индикаторлары мен қызметтерді орындамаған онкологиялық ұйымдардың басшылары атқарып отырған лауазымына лайық па деген мәселені көтеруді ұсынды.

АНЫҚТАМА: Онкологиялық қызметті дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. А. Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басты мақсаттарының бірі- кешенді жоспарды орындау.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны