04.11.2019, 16:26 13063

Біржан Нұрымбетов Ақтөбе тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

Ақтөбе тұрғындарының қабылдауында жарияланған соңғы мәселе бойынша Біржан Нұрымбетов Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерінен мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді сұрады.

Нұр-Сұлтан. 4 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "Нұр Отан" партиясының филиалында азаматтарды жеке қабылдады, бірқатар әлеуметтік ұйымдар мен Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. ҚР Еңбекминінің басшысы ақтөбеліктердің ең өзекті сұрақтарына жауап беріп, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің (бұдан әрі - АӘК) жаңа тәсілдері мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Ақтөбеге келгеннен кейін Біржан Нұрымбетов бірден "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалына келіп, азаматтарды жеке қабылдады. Ақтөбеліктер министрге заңсыз тағайындалған АӘК-ті қайтару, борыштық жүктемені азайту және мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру туралы сұрақтар қойды. Алғашқы мәселелер бойынша, ҚР Еңбекминінің басшысы борыштық жүктемені азайту және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жағдайларына қатысатын азаматтардың санаттары туралы толық түсіндірме берді, сондай-ақ Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасы бойынша әзірленген АӘК-тің жаңа механизмдері туралы айтты.

"Жаңа тәсілдер үш бағыт бойынша мемлекеттік көмек көрсетуді қарастырады. Біріншісі - республикалық бюджеттен берілетін байлық жағдайын енгізу арқылы көп балалы отбасыларды қолдау. Бұл барлық көп балалы отбасыларға, табысына қарамастан төленеді. Екіншісі - аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, оны тағайындаудың шекті өлшемі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде қалады. АӘК алатын отбасылардың барлық еңбекке қабілетті мүшелері егер олар ұсынылған жұмыстан және жұмысқа орналасуға ықпал ету шараларынан бас тартса, онда әлеуметтік көмек тек оларға ғана емес, бүкіл отбасына берілетінін түсінуі керек. Үшіншісі - әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар азық-түлік жиынтығымен және гигиена заттарымен қамтамасыз етіледі, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар - мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдары мен мектеп киімдерімен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар мектепке бару шығындары өтеледі. Медициналық көмек, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі ", - деп түсіндірді министр.

Ақтөбе тұрғындарының қабылдауында жарияланған соңғы мәселе бойынша Біржан Нұрымбетов Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерінен мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді сұрады.

ҚР Еңбекминінің басшысы 18 жасқа дейінгі нейропсихиатриялық аурулары бар балаларға арналған "Жайна" оңалту орталығы жұмысшыларымен мүгедектерді оңалту мәселелерін талқылады. Министр мүгедектерді қоғамға тарту процесінде мұндай ұйымдардың қызметін асыра бағалау қиын екенін атап өтті.

"Мүгедектердің қоғамға толық қатысуын қамтамасыз ету үшін оңалту қызметтері өте маңызды. Қазақстанда осы бағытта жұмыс жасайтын жобалар мен түрлі ұйымдардың көбейіп келе жатқанын атап өткім келеді. Кеше ғана біз "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" VII республикалық байқауының қорытындысын шығардық. Осы жылы көптеген жобалар финалға шықты, олардың шеңберінде мүгедектерге нақты көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, олардың құқықтарын іске асыру және қорғау біздің министрлік қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады", - деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында ҚР Еңбекминінің басшысы "Бастау" тұлғаны дамыту орталығының жұмысымен танысуды, №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына және Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығына баруды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында түсіндірді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны