17.11.2019, 13:46 9323

Батыс Қазақстан облысында білім беру қызметкерлері арасында парақорлыққа төзбеушілікке бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұратын болады

Ол ұстаз-психолог лауазымынан үміткер болып отырған адамнан 300 мың теңге көлемінде пара талап еткен. Қылмыстық іс материалы сотқа жолданды.

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - №1 Федоров орта мектебінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәметпен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеу басқармасының жетекшісі Ахмед Абакаровпен кездесу болып өтті.

Кездесу мақсаты - жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу бағытындағы іс-шаралар кешені таныстырылды.

Ағымдағы жылы өңірде жалпы білім беретін мектептерде ақша -қаражатты ұрлауға, пара беру және алуға, білім ордасының қабырғасындағы алаяқтық әрекеттерге қатысы бар бірқатар қылмыстық іс тіркелді.

Мәселен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу басқармасы Подстепновсктегі жалпы білім беретін №1 мектептің директорын қылмыс үстінде құрықтады.

Ол ұстаз-психолог лауазымынан үміткер болып отырған адамнан 300 мың теңге көлемінде пара талап еткен. Қылмыстық іс материалы сотқа жолданды. "Ұстаздардың назарын сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне қатысты төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға барынша ыңғайлы жағдай жасалуы қажеттігіне аудару керек. Дәл осындай қарым-қатынасты мемлекеттік органдарда да қалыптастыру қажет", - деді аудан әкімінің орынбасары Армат Байғазиев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мекемесі өкілдерінің ақпаратына сәйкес, парақорлардың ұсталып жазаланғаны туралы хабарламалардың тұрақты таралатынынан қарамастан, лауазымды қызметтердің саудасы әлі де қызып тұр. Мұндай сипаттағы қылмыстар түрлі жағдайларда жасалатыны, бірақ көбінесе кадр мәселесін шешуде іске асырылатыны атап өтілді.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою шаралары күшейтіліп, білім беру қызметкерлері арасында аталған індетке төзбеушілікке бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұратын болады",- деді өз кезегінде аудандық білім беру бөлімінің жетекшісі Жанаргүл Құсайынова.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны