Система Orphus

Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді

01.12.2019, 20:17 32050

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері қаралды.

2020-2025 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, кәсіпкерлерді құқық қорғау және бақылау органдарының рейдерлік және заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау бойынша шараларды әзірлеу туралы Бас прокурордың орынбасары М. Ахметжанов баяндады.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасына әлеуметтік аспектілерге, оның ішінде отбасылық бизнестерді қоса алғанда, басымдық берумен бизнесті қолдаудың жаңа формаларын енгізу туралы баяндады.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджет шығындарының тиімділігін арттыру және көпбалалы отбасыларды микро- және шағын бизнеске тарту мәселесі бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов шағын несиелендіру түріндегі жаңа қолдау шаралары туралы баяндап берді.

"Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше бақылауында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссия жұмысының 2019-2020 жылдарға арналған Жоспарын бекітті. Өткен 3 айда ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді - Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 81 пунктінің 52-сі бойынша тиісті шаралар қабылданды", - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының барлық пункттерін уақытылы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны