18.02.2020, 22:54 8225

Шымкентте заңсыз қару жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық топқа қатысушылар сотталды

Еске сала кетейік, 2019 жылғы шілдеде ҰҚК органдарының арнайы операциясы нәтижесінде көрсетілген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Шымкентте заңсыз қару жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық топқа қатысушылар сотталды.

2020 жылғы 6 ақпанда Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға үкім шығарды.

Сонымен, К. Дрейлинг ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 288-бабы 2-бөлігі ("Қаруды заңсыз жасау") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Ю. Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Р. Ибрагимов пен В. Завзин 3 және 4 жылға шартты түрде сотталды.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы шілдеде ҰҚК органдарының арнайы операциясы нәтижесінде көрсетілген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

Қылмыстық тәсілге сәйкес елестету қаруы (демилитарландырылған, дыбыспен әсер ететін патронмен атуға арналған) Ресейден Қазақстанға әкелініп, жасырын жағдайда жауынгерлік етіп қайта жасалған.

Заңсыз айналымнан 8 "Калашников" автоматы, 2 "Макаров" пистолеті және оларға оқ-дәрілер алынды. Қаруды түрлендіру бойынша цех жойылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны