23.06.2020, 19:08 9925

Қарулы Күштер жеке құрамды оқытуда жаңашылдықтарды жүзеге асыратын болады

Кеңес барысында Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясы қызметінің мәселелері де қаралды, ол әскери бөлімдерді оқ-дәрілерді сақтау шарттарының сақталуын тексереді.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan Today - Қарулы Күштер жеке құрамды оқытуда жаңашылдықтарды жүзеге асыратын болады.

Ведомство басшылығы әскердің күнделікті іс-шараларын жалғастыруға ерекше назар аударады. Қорғаныс министрлігінде осы сынды мәселелерді қамтыған аппараттық кеңес өтті. Елдегі коронавирус ахуалының күрделілігіне қарамастан, Қарулы Күштерде бекітілген жоспарларға сәйкес, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жауынгерлік әзірлікті ұстау және жауынгерлік оқуды жалғастыру жөніндегі шаралар күшейтілді.

Қазіргі таңда Қарулы Күштерде жедел және жауынгерлік даярлық жөніндегі іс-шаралар толық көлемде жүргізілуі тиіс. Өткен аптада десанттық-шабуылдау бөлімшелерінің әскери қызметшілері парашютпен 800-ден астам секіру жаттығуларын орындады. Сонымен қатар, әскерлерде мамандықтар бойынша дайындық және басқару органдарының командалық-штабтық жаттығулары да жүргізілуде.

Қорғаныс ведомствосының басшылығы жеке құрамды оқытуда жаңалық болған оқу модульдері мен ситуациялық кейстерді қолдануды кеңейтуді тапсырды. Олар әскерлердің күнделікті өмірінен алынған нақты оқиғалар негізінде дәрістер мен тәжірибелік сабақтар түрінде құрылған. Қазіргі жағдайда оқытудың мұндай жаңа форматтары өзекті болып саналады.

Қарулы Күштерде Халықаралық армия ойындары - 2020 сайысына дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұл сайыстың маңыздылығы - әскери оқу мен әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, төртінші қазақстандық бітімгершілік ротасы Ливанға баруға дайындық үстінде. Қазақстандық контингенттің ротациясы карантиндік іс-шараларды сақтай отырып, тамыз айында жүргізілетін болады.

Кеңес барысында Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясы қызметінің мәселелері де қаралды, ол әскери бөлімдерді оқ-дәрілерді сақтау шарттарының сақталуын тексереді.

Алдағы аптада Құрлық әскерлері Әскери институтында жас лейтенанттарды және Кадет корпусында сержанттарды шығарып салу салтанатты рәсімі болмақ. Басшылық салтанатты іс-шаралар барысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз етуге нұсқау берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны