06.07.2020, 23:14 7035

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Алматы. 6 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Сооронбай Жээнбеков Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және көпқырлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Қырғызстан Президенті Қазақстанның сәтті дамуы және оның халқының әл-ауқатының өсуі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін, ал Ұлт көшбасшысының тәжірибесі мен беделі өңірдегі интеграциялық үдерістерді дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Елбасы С.Жээнбековке құттықтауы үшін алғысын білдіріп, екі бауырлас ел арасындағы тарихи тұрғыдан қалыптасқан тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Владимир Путин Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат және достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі.

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігі мен мол тәжірибесі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді күшейтетуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Елбасы В.Путинге жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан Президенті Елбасын мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және Қазақстанның өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күш-жігерінің, парасатты және көреген басшылығының арқасында Қазақстан өзінің үлкен экономикалық және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдаланып, әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналғанын атап өтті. Өзбекстан көшбасшысы Тұңғыш Президент тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренада да зор құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті.

Елбасы Ш.Мирзиёевке жылы лебіздері үшін алғысын айтып, бауырлас екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Беларусь Президенті Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан тарихындағы жаңа міндеттерді сәтті іске асыруды тіледі.

Александр Лукашенко Ұлт көшбасшысының басшылығымен Қазақстан халқы өз дамуында толағай табысқа қол жеткізген мемлекет құрып, үлкен жолды жүріп өткендігін атап өтті. Сондай-ақ Беларусь Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Беларусь қатынастарымен бірге, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді қалыптастыру мен ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Елбасы Беларусь көшбасшысына құттықтауы үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы көптарапты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы айтты.

Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Режеп Тайип Ердоған Елбасын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық және көпжоспарлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Түркия Президенті қазіргі Қазақстанның даму тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екендігін айтып, оның екі ел арасындағы қатынастарды қалыптастырудағы елеулі рөлін атап өтті.

Елбасы Режеп Тайип Ердоғанға достық тілектері үшін алғысын білдірді және Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігінің қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.

Телефон арқылы сөйлесуге түрік тарапы бастамашы болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Тәжікстан Президенті Елбасын 80 жасқа толуымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және көпқырлы мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Эмомали Рахмон Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас Қазақстан халқының және жалпы өңірдің игілігі үшін өзінің жасампаз қызметін жалғастыратынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан көшбасшысына достық тілектері үшін алғысын білдіріп, әр түрлі салалардағы Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығын одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан тарапы бастамашы болды.

Елбасы Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

Дмитрий Медведев Елбасын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат және Қазақстанды дамыту бойынша жоспарларын одан әрі жүзеге асыра беруін тіледі.

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысы мәртебесі Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ықпалдастықты және интеграциялық бағыттағы сабақтастықты қамтамасыз етуге зор үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Елбасы Дмитрий Медведевке жылы лебіздері үшін алғысын білдірді және бірлескен жұмысты, оның ішінде екі елдің Қауіпсіздік кеңестері мен билеуші партиялары - "Nur Otan" мен "Единая Россия" арқылы жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әзербайжан Президенті Елбасын 80 жасқа толуымен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы жасампаз істеріне табыс тіледі.

Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжанның нағыз досы екенін айтып, Қазақстан-Әзірбайжан қатынастарының негізін қалауға, сондай-ақ түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Елбасы Әзербайжан көшбасшысына жүрекжарды құттықтауы үшін алғысын білдіріп, ғасырлар бойы екі елді біріктіріп келе жатқан достық пен тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды қолдайтынын айтты.

Телефон арқылы сөйлесуге Әзербайжан тарапы бастамашы болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны