Жамбыл облысындағы вакциналар шығаратын зауытта монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын наурыз айында аяқтау жоспарлануда
Тараз. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысының Қордай ауданында болып, Гвардейский ауылындағы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы биофармацевтикалық зауыттың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Зауыт әлеуметтік маңызы бар жұқпалы ауруларға қарсы елге қажетті биопрепараттар шығатын болады. Олардың қатарында COVID-19, пандемиялық тұмау, маусымдық тұмауға қарсы сплит-вакциналар, туберкулез, бруцеллез, нодулярлық дерматит, күйіс қайыратын ұсақ жануарлардың обасы, қой мен ешкінің контагиозды эктимасы, қой шешегі, құтыруға қарсы вакциналар және басқа да препараттар бар.
Ералы Тоғжанов құрылыстың технологиялық үдерісі мен өндіріс жағдайларының одан әрі GMP стандарттарына сәйкестігін ескере отырып, жүргізілуіне назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ вице-премьер мердігер компаниялардың ғылыми-зерттеу институты, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктерінің басшылығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.
Құрылыс алаңының аумағында вице-премьер жобамен, зауыт туралы негізгі өндірістік және технологиялық мәліметтермен танысты, өндірістік процестің макеті мен схемасын қарап шықты. Монтаждау жұмыстарын аяқтау және іске қосу наурыз айына жоспарланып отыр. Қосалқы ғимараттар мен құрылыстардың, нақтырақ айтсақ қазандық, трансформатор және сорғы станцияларының, хлорлау, энергетикалық нысандардың құрылысы аяқталған.
Бұдан соң делегация 1958 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері институтына барды. Онда 214 адам еңбек етеді. Ғылыми мекеменің басшысы, биология ғылымдарының докторы Күнсұлу Закария институттың қызметі мен жетістіктері, сондай-ақ COVID-19 вакцинасын әзірлеу бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы баяндады.
Сондай-ақ, Вице-премьер ҒЗИ қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі көп қабатты үйдің құрылысымен танысты. Бүгінде әрлеу жұмыстары, қасбеті пен шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үшінші жайлылық класындағы пәтерлердің жалпы ауданы 3,6 мың шаршы метрді құрайды.
Жақын маңда тағы екі тұрғын үй мен дене шынықтыру-сауықтыру ғимаратының құрылысы жоспарлануда десек, спорттық нысанның екінші қабатында 150 орындық акт залы орналаспақ.
Сонымен қатар үкіметтік делегация Қордай ауданы Отар ауылындағы спорттық-сауықтыру кешені мен жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясында болды.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпаннан бастап бүкіл ел бойынша бір уақытта басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады
Бәйтерек" ҰБХ" АҚ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін 300 млрд теңге сомасына жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметінен.
Холдинг агроөнеркәсіптік кешенді белсенді қолдайды және осы саланы қаржыландыру көлемін тұрақты негізде ұлғайтатын болады. Мемлекет басшысының экономикалық өсу қарқынын 6%-ға дейін ұлғайту және ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2024 жылы АӨК субъектілері үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінген. Алайда, бұл сома фермерлердің айналым қаражаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болды. Осыған байланысты біз нарықтық қарыз қаражатын қосымша тарту туралы шешім қабылдадық", - деп атап өтті "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыдағы рекреациялық аймаққа 230 гектарға жуық жер қайтарылды
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Алматы қаласын дамытуға, оңтүстік астананың жайлы қалалық ортасын құруға ерекше көңіл бөледі. Ел Президенті қаланың нүктелік құрылыс тәжірибесін жою қажеттігін бірнеше рет атап өтті, ал құрылыс кезінде оның тұрғындарының мүдделерін міндетті түрде ескеру қажет", - деп атап өтті Антикор басшысы.
Бұл алаң кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі талқыланып отырған мәселе қала жұртшылығы үнемі назарында және әрбір тұрғын бұл үшін алаңдайды, бұл халықты осы бағыттағы мемлекет жүргізіп жатқан жұмыс туралы хабардар етуді талап етеді", - деп атап өтті Антикор басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", деп көрсетілдген Өкімнің мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі
Қазақта "Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады" деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. "Әр қиындықтың қайыры бар" дейді халқымыз.
Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде
Мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттері толық әрі уақтылы орындалуда. Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер бекітілген мерзімнен бұрын берілуде. Мұндай режим биылғы 1 қыркүйекке дейін сақталатын болады. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Тасқын судан зардап шеккендердің барлығына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Бүгінде ол 11 мыңнан аса отбасыға төленген. Үкімет азаматтарға бүлінген үй заттарын алу үшін қосымша 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде көмек көрсету туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Бүгінде 500-ден аса бала әлі де эвакуациялық орталықтарда қалып отыр. Олар да білім беру үрдісімен қамтылған. Олардың ата-аналары тасқын судың кетіп, үйлеріне оралғанын немесе баспаналарын қалпына келтіру үшін бағалау жүргізілуін күтіп жүргенін түсінемін. Бұл санаттағы балалардың ата-аналарына бізде балаларды орналастыруға қарастырылған тағы 4 мыңнан аса орын бар екенін айтқым келеді. Егер келісімін берсе, оларды сол жерлерге орналастыруға дайынбыз. Оқу маусымы аяқталған соң ата-аналардың келісімімен балаларға өзі тұрып жатқан аймақта, не басқа өңірлерде орналасқан жазғы демалыс лагерлеріне баруына мүмкіндік беріледі. Бұл мәселемен Оқу-ағарту, жоғары білім, туризм және спорт министрлері тікелей айналысуда", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
26.04.2024, 13:36Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды 26.04.2024, 11:58 3781Шығын - миллиард теңге: Астанада ҰҚТ қатысты үкім шықты26.04.2024, 13:42 3646Алматыда жаңа жағалау салынуда26.04.2024, 12:13 3446Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен26.04.2024, 13:32 2516Ақмола облысы аумағында ірі есірткі зертханасы жойылды
19.04.2024, 11:11 98566Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді19.04.2024, 18:42 94931Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады19.04.2024, 18:27 92546Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланып отыр19.04.2024, 18:23 91171Қонаев қаласының әкімі тағайындалды19.04.2024, 18:20 91106Қазақстанда вейпке тыйым салынады: Тоқаев заңға қол қойды
04.04.2024, 16:35 121661Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121356Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107836"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 106221Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103791Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді