01.02.2021, 18:25 6285

Қырғызстанның жаңа Президенті Тоқаевқа қоңырау шалды

Әңгімелесу барысында алдағы уақыттағы жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесі, оның ішінде, қырғыз көшбасшысының Қазақстанға сапары талқыланды.
Нұр-Сұлтан. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Қырғыз тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінің сәтті өткенін атап өтіп, Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануымен тағы бір мәрте құттықтап, бауырлас қырғыз халқының өркендеуі мен игілігі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі. Тараптар достыққа, тату көршілікке және стратегиялық әріптестікке құрылған қазақ-қырғыз қатынастарының беріктігін нақтылап, екіжақты ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екендерін растады", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Садыр Жапаров Қазақстан Президентінің ізгі тілегіне алғыс айтып, қызметке кірісуіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хат жібергені үшін ризашылығын білдірді.
 
Әңгімелесу барысында алдағы уақыттағы жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесі, оның ішінде, қырғыз көшбасшысының Қазақстанға сапары талқыланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны