15.02.2021, 18:57 9658

Биологиялық қауіпсіздік туралы заңды іске асыру Қазақстанға қанша тұрады

Заңды қабылдау биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласын реттейтін қолданыстағы заңдардың нормаларын біріздендіру, орын алған қайшылықтар мен олқылықтарды жоюға; биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың міндеттері мен өкілеттіктерін үйлестіруге және бөлуге мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан. 15 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Ашық НҚА" сайтына сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының Президенті биологиялық қауіпсіздік мәселелерін заңнамалық реттеу қажеттілігі туралы мәселені бірнеше рет көтерді.
 

2020 жылғы 27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің (ҰҚСК) 3-ші отырысында биоқауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде, елімізде және шекаралас мемлекеттерде басқа да аса қауіпті инфекциялардың тұрақты табиғи ошақтарының болуы жағдайында коронавирустың қайта өршуіне дайындық туралы атап өтті. Аса маңызды міндет - азаматтардың денсаулығын сақтау үшін алдын ала медициналық-санитариялық шаралар қабылдауға бірінші кезекте назар аудару. Биологиялық қауіпсіздік жүйесі жалпы стандарттар бойынша жұмыс істеуге тиіс, ал қауіпті биологиялық жағдайдың дамуының ықтимал болжамды салдары елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін талап етеді, бұл "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" заңды әзірлеуді талап етеді", - делінген заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесінде.

 
2020 жылғы 16 қарашада коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте Президент биоқауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша жұмысты жалғастыруды және Парламенттің ағымдағы сессиясының жұмысы аяқталғанға дейін биоқауіпсіздік жөніндегі заң жобасын депутаттардың қарауына енгізуді тапсырды.
 
Құжатта қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижесі нормативтік құқықтық актілер биологиялық қауіпсіздік мәселелерін ішінара және шашыраңқы реттейтінін, реттеудің бірыңғай тәсілдері мен қағидаттары жоқ екенін көрсетеді. Сондай-ақ, биологиялық қауіпсіздік саласындағы реттеудің бірыңғай тәсілдері мен қағидаттарының болмауына байланысты бірдей мәселелерді заңнамалық шешу тәсілдері, бірақ әлеуметтік қатынастардың әртүрлі салаларында олар қайшылықты, ал кейбір жағдайларда жанжалға түседі, нормалар мен заңнамалық реттеудегі олқылықтар бәсекелестігін тудырады.
 

Осылайша, биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы дамудың бастапқы сатысында тұрған, жанама әрекеттің жекелеген заңнамалық актілері немесе сабақтас салалар заңдарындағы жекелеген баптары бар деп бағалау керек", - делінген құжатта.

 
Қалыптасқан жағдайды шешу үшін әзірленіп жатқан заң жобасы шеңберінде мынадай ережелерді көздеу қажет:
 
- биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға осы салада мемлекеттік саясатты іске асыру және ведомствоаралық үйлестіру функцияларын жүктей отырып, оны айқындау;
 
- патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық сатыларында олармен жұмыс істеу: бөлу (анықтау), әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, оның ішінде сақтау және тасымалдау, жою жөніндегі қызметті регламенттеу;
 
- орталық және жергілікті деңгейде биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің жауапкершілік аймақтарын айқындау;
 
- патогенді биологиялық агенттердің айналымына мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін енгізу;
 
- рұқсат беру рәсімдерін және аттестаттауды қолдану арқылы биоқауіпсіздік саласында мемлекеттік реттеуді көздеу;
 
- патогендіктің I-II топтарндағы биоагенттермен жұмыс істейтін мамандардың бірыңғай тізілімін құру және жүргізу;
 
- инфекциялық ауру қаупі жоғары аймақта болу нәтижесінде ауырған адамдар үшін мәжбүрлеп обсервациялау немесе карантин мүмкіндігі;
 
- әртүрлі биологиялық қауіпті ластағыштардың адам денсаулығына әсеріне және олардың қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпараттық жүйелерді құру және т.б.
 
Аталған заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етеді:
 
1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңа ақпараттық жүйені әзірлеуге 159 628,8 мың теңгеге жуық мөлшерде;
 
2) қауіпті биологиялық агенттермен жұмыс істеу бойынша зертханалық базаны қосымша жарақтандыруға, жетілдіруге және салуға - 7 285 283,5 мың теңге;
 
3) мемлекеттік органдардың оқу базалары үшін биологиялық қауіпсіздік бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге - 68 000 мың теңге;
 
4) патогендіктің I және II санаттарындағы биологиялық агенттермен жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарын әлеуметтік қамсыздандыру бойынша нормаларды іске асыруға:
 
- тұрғын үй төлемдері - 1 083 313,4 мың теңге (2021-2023 жылдарға, жыл сайын 361 104,5 мың теңге);
 
- әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша шаралары (жалақыға үстемеақы, сауықтыруға қосымша төлемдер) - 15 984 613 мың теңге (2021-2023 жылдарға, жыл сайын 5 328 204,3 мың теңге).
 

Республикада денсаулық сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, экологиялық, ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік, азаматтық қорғау және ғылым салаларын қамти отырып, биологиялық қауіпсіздіктің және оны қамтамасыз етудің бірыңғай негізі қалыптастырылатын болады. Биологиялық қауіпсіздіктің, тиісті терминологиялық базаның құқықтық және әдістемелік негіздері құрылатын болады, бұл өз кезегінде ұлттық және халықаралық қауіпсіздік қауіп-қатерімен салыстырылатын елдің әлеуметтік-экономикалық және геосаяси қызметіне теріс әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді", - делінген құжатта.

 
 "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" бірыңғай заңды қабылдау:
 
- биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласын реттейтін қолданыстағы заңдардың нормаларын біріздендіру, орын алған қайшылықтар мен олқылықтарды жоюға;
 
- биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың міндеттері мен өкілеттіктерін үйлестіруге және бөлуге; 
 
- биологиялық қауіптіліктің ағымдық тәуекел дәрежесін сәйкестендіру бойынша құралдарды кеңейтуге мүмкіндік береді.
 
Заң жобасының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны