10.01.2022, 14:16 5971
Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді
Достарға айту
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚАҢТАР - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы бейнебайланыс режимінде өтті. Жиын барысында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер және Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар баяндама жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштердің еліміздегі жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдаған белсенді шаралары туралы баяндалды. Адамдар мен көліктерді тексеру, сондай-ақ стратегиялық нысандарға бақылау орнатуды жүзеге асыру мақсатымен елді мекендердің аумағына 93 блокбекет қойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа заң талаптарына бағынбау және аса маңызды әрі стратегиялық нысандарға шабуыл жасау фактілерінің қатаң түрде жолы кесілгені жөнінде мәлімет берілді. Алматыда "Барлық" және "Алтын Орда" базарларын тазарту барысында 207 адам ұсталды. Олардан ұрланған 5 автокөлік, қару-жарақ, оқ-дәрілер, қалқандар тәркіленді.
Елордада алдын алу шаралары жүргізілуде. Оның барысында аулалар мен пәтерлердің тыныштығы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ тәулік бойы автопатруль күзетеді. Жалпы еліміз бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 1,5 мың адам жауапқа тартылды.
Мемлекет басшысына негізгі күш-жігердің қазіргі уақытта террористердің мекенжайын анықтап, ұстау жөніндегі шұғыл шараларға бағытталып отырғаны баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру ісін жалғастыра беруді, сондай-ақ аталған жұмыстар бойынша ақпараттық қолдау көрсетуді күшейтуге тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.12.2025, 14:50 386
Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Штип қаласындағы Гоце Делчев атындағы университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан Қазақстанның ағымдағы дамуы, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктері, оның қазіргі әлемдегі геосаяси рөлі, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығы нәтижелерімен аудиторияны таныстырды.
Тыңдаушылар қазақстандық жоғары білім беру жүйесін, халықаралық академиялық және білім беру бағдарламаларын дамытуға ерекше қызығушылық танытты.
Университет ректоры Деян Мираковскимен кездесу барысында Елші Бұршақов білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Екі елдің университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы әріптестікті нығайту қажеттігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ректор Д.Мираковски академиялық алмасу, бірлескен жобалар және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейту перспективаларына назар аудара отырып, қазақстандық білім беру мекемелерімен өзара тиімді байланыстар орнатуға терең қызығушылық танытты.
Университет басшылығы Қазақстан Елшілігіне елімізбен тереңірек танысу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, болашақта осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Гоце Делчев атындағы Университет 2007 жылы құрылған. Higher Education Council (Түркия), сондай-ақ Еуропалық Университет қауымдастығымен ынтымақтастығы бар. Студенттер саны 20 мыңнан асады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 17:08 125681
Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы "1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:10 125286
Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақорда Әсел Жанасованың жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.
-Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, олбұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,- делінген ресми құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:01 126151
Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның биыл атқарған жұмысының алдын ала нәтижелері мен инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттары таныстырылды. Компания қызметінде оң динамика байқалады. Екі жылда болат өндірісі 22 пайызға, көмір концентраты 26 пайызға, темір кені 32 пайызға артты. Өнімнің өзіндік құны 28 пайызға арзандап, шығарылатын маркалардың түрі 260-тан 350-ге дейін ұлғайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Андрей Лаврентьев 9 ірі инвестициялық жобадан тұратын кешенді бағдарламаны жүзеге асыру жайында баяндады. Бұл бастама елдегі болат өндірісін жүйелеп, металл прокаты импортын төмендетуді көздейді. Бұдан бөлек, болаттың жоғары сапалы жаңа маркаларын, соның ішінде атом электр станциясының құрылысына арналған өнім шығару жолға қойыла бастады.
Президентке көмір және тау-кен бағытын дамыту бағдарламасы таныстырылды. Еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік бастамаларға баса мән берілді. Qarmet компаниясына қарасты медициналық және білім беру ұйымдары жаңғыртылып жатыр. Компания мен кәсіподақтар арасында жаңа ұжымдық келісімшарт жасалды. Құжат 35 мың еңбеккерге әлеуметтік кепілдік беруді қарастырады.
Мемлекет басшысына Qarmet жанынан ірі металлургиялық кластер құрылып жатқаны туралы айтылды. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың шикізатты терең өңдеумен айналысуына мүмкіндік береді. Бағдарлама "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингімен бірге іске асырылмақ. Сондай-ақ машина жасау зауыттарының өндіріс барысында отандық болатты пайдалануы бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Кездесу соңында Президент Qarmet металлургия кешенінде атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, даму жоспарына қолдау білдірді. Сонымен қатар кәсіпорынды жан-жақты жаңғырту, әлеуметтік мәселелерді шешу, экологиялық жағдайды жақсарту, машина жасау өндірісін жандандыру шараларын жалғастырудың маңызына тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 15:04 125911
Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен "Өскемен арматура зауыты" АҚ ("ӨАЗ" АҚ) мен "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ ("КҚК-Қ" АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру жөніндегі құжатқа "ӨАЗ" АҚ бас директоры Александр Будрис және Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань қол қойды.
Ынтымақтастық бекіткіш арматураның, сорғы агрегаттарының және электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға, магистралды мұнай құбыры нысандарында отандық жабдық қолдануды кеңейтуге, сондай-ақ құбыр арматурасының қазақстандық ірі өндірушісі мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымындағы негізгі операторларының бірі арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған.
Келісім шеңберінде тараптар "КҚК-Қ" АҚ-ны Қазақстаннан шыққан жоғары технологиялық материалдармен, жинақтаушы бөлшектермен және жабдықтармен қамтамасыз етуге, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жабдықты жаңғырту және сынақтан өткізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге әрі енгізуге ниетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 13:56 95096
БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді
Достарға айту
БЖЗҚ Әлеуметтік кодекстің талаптарына сәйкес жыл сайын келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заң ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін (ТЖШ) орналастыру туралы міндетін орындай отырып, 2026 жылға арналған ТЖШ туралы хабарлайды, деп хабарлайды enpf.kz.
Естеріңізге сала кетейік, ТЖШ - бұл салымшыны ай сайынғы зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған). Бұл ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне, ең төменгі жалақыға, ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ инфляция мен инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептелетін зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - салымшы зейнеткерлік жасқа жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш.
ТЖШ есептеу зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі - әдістеме) (ҚР Үкіметінің 30.06.2023 №521 қаулысымен (бұдан әрі - №521 қаулы) бекітілген) сәйкес жүргізіледі.
Әдістемеге сәйкес, 2026 жылғы ТЖШ есептеу кезінде Қазақстан Республикасының "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:
- ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 69 049 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге.
Нәтижесінде 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 11:50 95466
Қару иелері мен күзет қызметі ұйымдарына талаптар күшейтіледі - Мәжіліс
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Inform.kz.
Заң жобасын күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру және қару иелері мен күзет қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары әзірледі.
-Құжатта күзет қызметі субъектілерінің құқықтары мен қару айналымы және Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру саласындағы заңнаманың талаптары нақтыланады, сондай-ақ азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау мақсатында атысты уақтылы жүргізу жөніндегі міндеттеме енгізіледі,- деді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.
Сонымен, заң жобасында мынадай негізгі түзетулер енгізу ескерілген:
- қару ұстайтын заңды тұлғалар үшін өз қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, 10 жұмыс күні ішінде қару мен оның патрондарын ішкі істер органдарына сақтауға тапсыру міндетін енгізу;
- күзет қызметі субъектілерінің олар жүзеге асыратын қызмет туралы есептілікті уәкілетті органға ұсыну міндетін заңнамалық деңгейде бекіту. Осы есептілікті ұсыну нысаны мен кезеңділігін уәкілетті орган бекітетін болады;
- жекеше күзет ұйымдары үшін уәкілетті органды өз қызметін тоқтата тұру, тоқтату немесе қайта бастау, сондай-ақ тіркеу орнынан тыс жерде күзет қызметтерін көрсету жағдайларында 5 жұмыс күні ішінде хабардар ету міндетін енгізу;
- жекеше күзет ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларына, күзетші лауазымын атқаратын қатардағы жұмыскерлерге қойылатын міндетті талаптарды енгізу;
- қару иелеріне бақылау атысын жүргізу үшін азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын беру міндетін енгізу;
- Қарулы Күштердің, басқа даәскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруындағы қару негізінде Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптасуына мемлекеттік бақылау талаптарын нақтылау;
- құқық қорғау органдарының, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғынжаймен қамтамасыз ету және оларға тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін жетілдіру;
- "Әскерилендірілген теміржол күзеті" деген ұғымды енгізу. Бұл акциялардың бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға.
- Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметінің негізгі мақсаты - транзиттік теміржол жүк тасымалдарына тартылған терминалдар аумақтарында жүктерді және теміржол көлігі объектілерін үздіксіз күзетуді қамтамасыз ету. Сонымен бірге, заң жобасын сапалы жақсартқан редакциялық сипаттағы және нақтылау сипатындағы басқа да түзетулер бар, - деді депутат.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 16:14 133831
Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру туралы мәселе қаралды. Онда ҚР қаржы министрі Мәди Такиев кедендік әкімшілендіру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрлігі, көлік-транзит саласын дамыту аясында, кедендік әкімшілендіруді цифрландыру мен өткізу пункттерін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс атқаруда. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталып, шекарада ашық және өнімділігі жоғары жүйені қалыптастырады. Біріншіден, Кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша, бірыңғай Keden платформасына көшу жұмыстары аяқталып жатыр. Ол қолданыстағы үш жүйенің орнына, негізгі рәсімдерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді", - деді ол.
Осы орайда, кедендік транзит, интеграцияланған бақылау және алдын-ала хабарлау сияқты 20 модульдің 16-сы қосылды, оның ішінде:
- транзиттік декларациялардың едәуір бөлігі автоматты түрге шығарылды;
- рәсімдеу уақыты қысқартылды, мысалы, транзит - 30 минуттан 10 минутқа дейін, контейнерлік пойыз 3 сағаттан 30 минутқа дейін;
- "бір терезе" қағидаты бойынша Ауыл шаруашылығы, Денсаудық сақтау және Көлік министрліктерінің қызмет түрлері интеграцияланды;
- электрондық кезек ретке келтірілді: соның ішінде дұрыс емес брондау жойылды, VIN-кодтар бойынша бақылау күшейтілді, тез бұзылатын тауарларға, қауіпті жүктер мен жануарларға, сондай-ақ еліміздің экспорты үшін, жекелеген слоттар бөлінді;
- сервистер төрт тілге аударылды және "WeChat" мессенджерімен интеграцияланды;
- Қытай және Өзбекстанмен цифрлық өзара іс-қимылды дамыту жұмыстары жүргізілді, оның ішінде инспекциялық тексеріп-қарау суреттерін өзара тану және "жіксіз транзит" элементтерін енгізу жұмыстары атқарылды;
- инспекциялық тексеріп-қарау суреттерін автоматты түрде талдау және сәйкес келмейтіндерді айқындау үшін жасанды интеллект элементтері енгізілді. Бұл рәсімдердің тиімділігі мен ашықтығын арттырады, адами фактордың араласу тәуекелдерін азайтуды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, кедендік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бүгінгі күні, 9 өткізу пунктінде жаңарту жұмыстары аяқталуда, оның ішінде 4 өткізу пункті пайдалануға берілді. Осы жұмада "Қазығұрт" және "Темір баба", ал 25 желтоқсанда "Тәжен", "Майқапшағай", "Бақты" өткізу пункттері іске қосылады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалатын болады. Бұдан басқа Өзбекстанмен шекарадағы "Жібек Жолы" жолаушылар өткізу пунктіне реконструкциялау жүргізілуде. Тәулігіне - 70 мың адамға дейін және 2 мың көлікке дейін ұлғаяды деп күтілуде. "Нұр Жолы" өткізу пунктін, тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстыру пилоттық жобасы енгізілді. Нәтижесінде автокөлік ағыны 2 есе өсіп, тәулігіне 1 800 көлікті құрап, 453 мың көлікке жетті. Жалпы келесі жылдан бастап өткізу қабілетін 6 есеге көтеріп, 5 млн-ға дейін көлік құралын өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Мәди Такиев.
Министр кедендік түсімдер бойынша арнайы тоқталды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар тікелей фискалдық әсерді қамтамасыз ететінін айты. Осы жылдың 11 айында кедендік төлемдер түсімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16% өсіп, 566 млрд теңгені құраған. Логистикалық операцияларды көлік-логистикалық орталықтарға және уақытша сақтау қоймаларына көшіру нәтижесінде, көліктің өту уақыты 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартылған.
Бүгінгі күні, Қытаймен шекарада үш көлік-логистикалық орталық және жеке инвесторлармен бірлесіп 3 автохаб іске қосылды. Осындай объектілер "Б. Қонысбаев" және "Бақты" өткізу пунктерінде де ашылды. Сондай-ақ, "Нұр Жолында" ірі көлемді көлік үшін уақытша сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр. "Атамекен" мен "Қазығұртта" 2 жаңа уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарлануда. Жаңғыртудың түрақты жұмысы мен шекарадан өту сапасын арттыру үшін, келесі мәселелер ашық қалып отыр: біріншіден, электрондық кезек пен цифрлық сервистердің үздіксіз жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін шекара маңындағы аудандардағы байланыс сапасы; екіншіден, жүргізушілер үшін жол және сервистік инфрақұрылымның шектеулі болуы; үшіншіден, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі және сыртқы шекараларында жұмыс істейтін мамандардың жасақталуы мен еңбек жағдайына қатысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда және одан әрі жалғасатын болады", - деді қаржы министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 15:53Ыстанбұлда Қазақ киносының күндері өтті 15.12.2025, 14:50 126Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында15.12.2025, 13:48 121Венгриялық сарапшылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және конструктивті саясатын жоғары бағалады
09.12.2025, 14:10 133591Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды133466Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды10.12.2025, 16:01 125786Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 15:04 125546Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады10.12.2025, 17:08 125316Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
19.11.2025, 16:26 146996Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146651Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145846Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады09.12.2025, 14:10 133591Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды133466Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды

