03.04.2023, 20:15 33771

Қазақстанда паспорт беру ставкалары төмендетілді

Қазақстанда паспорт беру ставкалары төмендетілді
Соттардағы және паспорттардағы мемлекеттік баж мөлшерлемелері өзгерді

Астана. 3 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 20 наурыздағы заңда заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баждың кейбір ставкаларын қайта қарау бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер көзделген, деп хабарлайды ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі.
 
Мүліктік сипаттағы талап арыздардан соттарда мемлекеттік баж сомасының жоғарғы шегі белгіленді:
 
жеке тұлғалар үшін - талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен артық емес;
 
заңды тұлғалар үшін - талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен артық емес.
 
2023 жылғы 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң).
 
Сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар бойынша ставканы қолдану тәртібі өзгертілді. Осылайша, мемлекеттік баж мөлшерлемесі өтініш берген субъектіге байланысты қолданылады.
 
2023 жылғы 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң).
 
Қазақстан Республикасы азаматының (16 жасқа дейінгі балалар үшін) паспортын бергені үшін ставкалар 8-ден 4 АЕК-ке дейін төмендетілді.
 
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер белгіленді:
 
36 бет - 8 АЕК;
 
48 бет - 12 АЕК;
 
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін оны бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтуына байланысты - 1 АЕК мөлшерлемесін белгілеу.
 
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Еске салайық, енді паспорт пен жеке куәлікті дайындауға өз бетінше өтініш беруге болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:МККбаж

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны