24.05.2023, 15:59 15241

Скляр Абай облысы Бородулиха ауданында жедел республикалық штаб отырысын өткізді

Өртті оқшаулау және жою бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысы Бородулиха ауданында табиғи өртті сөндіру бойынша ТЖМ базасында жедел республикалық штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Отырыс барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың баяндамасы тыңдалды, қазіргі ахуал туралы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев айтып берді, сондай-ақ өрт болған жерден төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков баяндады.

24 мамыр сағат 09.00-дегі жағдай бойынша өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 434 адам және 109 техника, екі тікұшақ және өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

ТЖМ 23 мамырда қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстарының жеке құрамынан 133 адам және 26 техниканы жіберген.

24 мамыр таңғы сағат 09.00-дегі жағдай бойынша елді мекендерге төнген қауіп жойылды. Өртті оқшаулау және жою бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны