27.06.2014, 20:31 2587

А. Дауылбаев пен Йе Фенг жемқорлыққа қарсы күрес жайын талқылады

Астанада Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Жемқорлыққа қарсы органдарының халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы, Қытай Халық Республикасы Жоғарғы Халық прокуратурасының Қудалау комитетінің мүшесі Йе Фенгпен кездесуі өтті.

Алматы. 27 маусым. Kazakhstan today. Астанада Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Жемқорлыққа қарсы органдарының халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы, Қытай Халық Республикасы Жоғарғы Халық прокуратурасының Қудалау комитетінің мүшесі Йе Фенгпен кездесуі өтті.

Бас Прокурор қонақты прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында қолданып отырған нақты шаралары жөнінде хабардар етті. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап көрсетті. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстары жүргізілуде, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған шаралар қабылдануда, деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Йе Фенг болып өткен кездесуді маңызды ретінде қарастыратынын айтып, жемқорлықпен күрес саласындағы белсенді өзара ықпалдастыққа ризашылығын білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны