20.05.2013, 14:43 5970

"А" корпусына кандидаттардың үштен бірі ҚР Заңнамасын білуіне тестілеуінен өтпеді

Өткен аптада тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 150 кандидаттың 99 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Астана. 20-мамыр. Kazakhstan Today - "А" корпусына кандидаттардың үштен бірі ҚР Заңнамасын білуіне тестілеуінен өтпеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен аптада тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 150 кандидаттың 99 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

"Заңнаманы білуіне шекті мәннен 48 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 32 % өтпеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, заңнаманы білуіне тестілеуден өткен кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін: әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын анықтау тестіне жіберілді.

Бұдан өзге, екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тесттен (ҚАЗТЕСТ) өтеді.

Бұған дейін хабарланғандай, кандидаттар Қазақстан Республикасының он заңын білуіне компьютерлік тестілеуден өтеді. Бұл ретте шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-не дұрыс жауап беруі қажет.

"А" корпусының кадр резервіне кандидаттарды тестілеу 2013 жылдың 27 мамырына дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны