07.04.2014, 19:40 3161

"А" корпусының мемлекеттік қызметкерлері топтық басқарудың халықаралық тәжірибесімен танысады

Семинар барысында мемлекеттік сектордағы топтық басқару сұрақтары қаралады. Атап айтатын болсақ, стратегиялық жоспарлау, уәкілеттілікті бөлу және шектеу, көшірмені болдырмау, тәуекелдерді басқару, жариялылықты қамтамасыз ету және ішкі аудит.

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемқызметкерлерге арналған семинар басталды. "Қазақстан Үкіметінің мемлекеттік қызметін реформалау және жаңарту" тақырыбында өтіп жатқан шара Еуропалық одақ жобасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік басқару академиясынан хабарлағандай, семинар барысында ЕО жобасы бойынша шақырылған топтық басқару саласының халықаралық сарапшылары Эрве Терльер, Иэн Эндрюс, Стефен Джеймс Логан интерактивті дәрістер өткізеді, қатысушыларды топтық басқарудың түрлі үлгілерімен таныстырады, сонымен қатар, еуропалық елдердің және АҚШ тәжірибесімен бөліседі.

Бұдан басқа семинарда заманауи бизнес корпорациялар мен түрлі мемлекеттік органдарда топтық басқарудың тиімді тәсілдерін пайдалану мысалдары талқыланады.

Семинар барысында мемлекеттік сектордағы топтық басқару сұрақтары қаралады. Атап айтатын болсақ, стратегиялық жоспарлау, уәкілеттілікті бөлу және шектеу, көшірмені болдырмау, тәуекелдерді басқару, жариялылықты қамтамасыз ету және ішкі аудит.

Сонымен қатар, "Самұрұқ-Қазына" ҰИҚ өкілдері семинар шеңберінде ұлттық компанияларда басқарудың топтық принціпін енгізу тәжірибесімен жоғары санаттағы мемлекеттік қызметкерлермен бөліседі.

Айта кетерлік жайт, семинардың жұмысына ҚР мемлекеттік органдарының жауапты хатшылары, ҚР Президенті Икімшілігінің, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің, ҚР мемлекетік қызмет істері агенттігінінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері және басқалар қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны