03.06.2020, 21:58 10677

Ақмәди Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

А. Сарбасов 1977 жылы қазан айында Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

А. Сарбасов 1977 жылы қазан айында Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Еуразия гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Түрлі жылдары ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылғы сәуір айына дейін - ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы - ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 2019 жылғы сәуір айынан осы күнге дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып еңбек етті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны