25.05.2017, 15:51 5709

А. Мырзахметов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Жұмыс сапары аясында ол егіс науқаны барысымен танысып, ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласыныӊ дамуы мәселелерін талқылады.

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Кеше Елбасы тапсырмасын орындау аясында ҚР Премьер-министрініӊ Орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов кезекті жұмыс сапарымен еліміздіӊ басты астық өндіруші өӊірлерініӊ бірі - Солтүстік Қазақстан облысына барды. Жұмыс сапары аясында ол егіс науқаны барысымен танысып, ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласыныӊ дамуы мәселелерін талқылады.

Вице-Премьер отандық ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша отырыс өткізді. Оған жергілікті зауыттардыӊ директорлары мен ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруші компаниялар өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

АӨК-ті дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы міндетініӊ бірі - ауыл шаруашылығы саласын заманауи техника және құрал-жабдықтармен қамтылуын артыру, сондай-ақ, ел аумағында ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту болып табылады.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін ағымдағы уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, оныӊ құрамына мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор мен ауыл шаруашылығы техникасын жасаушы кәсіпорындар өкілдері кірді.

Жұмыс тобы отырыстарыныӊ қорытындысы мен машина-тракторлық парктыӊ жаӊғыруы көлемініӊ өсімін тежеуші жағдайларды талдау барысы және төмен деӊгейлі өндіріс зерттеліміне сәйкес АШМ тарапынан Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытудыӊ жол картасы әзірленді.

Жол картасында көрсетілген іс-шаралар қолда бар қуаттылықтарды еселеп, өндірістіӊ жаӊа түрлерін арттыруға, шығарылып жатқан өнімніӊ ассортиментін ұлғайтуға және мұныӊ нәтижесінде фермерлерді әлемдік баламаларынан бір де кем емес сапалы да арзан отандық техникамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биылдан бастап отандық өндіріске бағытталған техника мен құрал-жабдықтарды субсидиялаудыӊ әдістемесі өзгерді.

Айталық, бұған дейін шетелдік астық жинаушы бір комбайнға 30 млн. теӊге берілсе, биылдан бастап бұл қаражатқа 3 астық жинаушы комбайн субсидияланады.

Мұныӊ өзінде, шетел техникасы да әдеттегіше субсидиялана береді. Алайда, олардыӊ бағасыныӊ тым қымбат болуына байланысты қаржыландырылуы 5-7% деӊгейде болмақ. Ал отандық техника үшін 25% көмек берілмек.

"ҚазАгроФинанс" АҚ арқылы техниканы лизингке беру әдістемесі қайта қаралды. Былайша айтқанда, отандық өндірушіге қайта бейімделді. Өз кезегінде, аталған шаралар тізбегі қазірдіӊ өзінде алынатын техника көлемін 50-70%-ға арттыруға мүмкіндік беруде. Яғни, бұл жаӊғыру ырғағын 1,5-2 есе арттырмақ" - деп атап өтті Вице-Премьер.

Отырыс барысында Жол картасыныӊ орындалуы турасында сөз қозғалып, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, оныӊ ішінде, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ өндірістік қуаттылықтарын пайдалану перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, әралуан өӊірлердегі кәсіпорындардыӊ ауыл шаруашылығы техникасы мен құрылғыларын және олардыӊ бөлшектерін жасау бойынша кооперациялану мүмкіншіліктері қаралды.

Сондай-ақ, облыс әкімдігінде 3 облыс өкілдерініӊ қатысуымен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелеріне арналған отырыс болып өтті.

Ағымдағы жылы АӨК-ті дамыту бағдарламасы аясында егіс алқаптарын диверсификациялаудыӊ қарқынды жұмыстары басталады.

Бұл үшін министрліктер мен әкімдіктер арасында меморандумдарға қол қойылған. Олардыӊ аясында майлы және жемдік, жармалық және мал азығы дақылдары, қант қызылшасы егістіктерін 900 мыӊ гектарға дейін ұлғайту қарастырылған.

Кездесу барысында А. Мырзахметов әр гектардыӊ тиімділігін арттыру үшін экспорттық әлеуетке ие жоғары түсімді дақылдар өсіру керектігін атап өтті.

Жалпылай алғанда, көктемгі егін егуге дайындық барысымен таныса келе, Министр тұӊғыш рет ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін ақырғы құнныӊ 6%-ға төмендегеніне баса назар аударды. Бұл көрсеткіш былтыр 9%-ды құраған болатын. Өз кезегінде, бұл жағдай несие беру құрылымдары сатыларыныӊ қысқаруы арқылы мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, несиелер бойынша талап етілетін құжаттар саны азайды.

Биыл бірегей және элиталы тұқымдарды субсидиялау қайта қалпына келтірілді. Тұқым шаруашылығына бөлінетін бюджет көлемі былтырғы жылдыӊ көлемінен 3 есе артық екендігін атап өткен жөн. Минималды нормалар тоқтатылды. Бұл фермерлерді субсидия алуға ынталандырады. Ал бұрынғы схема бойынша тұқымныӊ аз ғана көлемі субсидияланатын.

Тыӊайтқыштарды субсиядиялау механизмдері өзгерді. Бұған дейін субсидия нормасы пайыздық негізде түзілсе, ал биылдан бастап нақты сандармен көрсетіледі. Бұл да фермерлерге тыӊайтқышты сапасы мен бағасына қарай қай елде жасалғандығына қарамастан, еркін таӊдау жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, тыӊайтқыш ассортименті ұлғаяды. Биыл тыӊайтқыштарды субсидиялау түрлері 156-ны құрап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 85 болған. Қазірдіӊ өзінде 200 мыӊ тонна тыӊайтқыш алынып үлгерді.

Қазіргі таӊда солтүстік аймақтыӊ астық себуші облыстарында (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан) ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары барынша қарқынды жүруде. А.ж. 23 мамырдағы жағдай бойынша аталған облыстарда жаздық масақты дақылдар 5,0 млн. га аумаққа егіліп үлгерген. Бұл көзделген көлемніӊ 44%-ын құрайды. Майлы дақылдар - 771 мыӊ га (60,4%), көкөніс - 8,9 мыӊ га (73,3%), картоп - 48,8 мыӊ га (88,1%) егілген. Солтүстік Қазақстан облысында қант қызылшасы 400 га аумақта егілген. Бұл көзделген аумақтыӊ 35%-ы.

Егіс жұмыстарыныӊ қарқыны өте жақсы. Астық дақылдарыныӊ егіліп үлгерген аумағы былтырғы жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 124 мыӊ га артық немесе 2,6%, майлы дақылдар 222 мыӊ га (40,5%), картоп - 1,0 мыӊ га (2%), көкөніс - 0,5 мыӊ га (6%).

Сонымен қатар, Вице-Премьер проблемалы агрохолдингтер тақырыбын да айналып өтпеді. Қазіргі таӊда Елбасы тапсырмасына сәйкес арнайы жұмыс тобы құрылып, оныӊ құрамына АШМ өкілдері, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары, "Атамекен" ҰКП, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, "ҚазАгро" ҰБҚ" АҚ және екінші деӊгейлі банк өкілдері кірді.

Ирбір проблемалы агрохолдинг бойынша Несиегерлер кеӊесі құрылды, олар сол холдингке қарасты әрбір кәсіпорын бойынша алқалы түрде шаралар тізбесін қабылдайды.

Айта кетейік, сапар аясында Министр Солтүстік Қазақстан облысыныӊ шаруашылық субъектілерін де аралады,- деп хабарлайды ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны