07.11.2019, 13:41 1877

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы мен Омбы облысының өнеркәсiп, байланыс, цифрлық және ғылыми-техникалық даму министрлiгi арасында ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылды

Омбы қаласында 6-7 қарашада өткен "Шекара маңындағы ынтымақтастықты дамытудың өзектi мәселелерi" Ресей мен Қазақстан өңiраралық ынтымақтастығының ХVI форумы болды. Форумның жұмысына Ақмола облысының делегациясы қатысты.

Көкшетау. 7 қараша. Kazakhstan Today - Қараша айындағы халықаралық мәртебесi бар басты оқиға Омбы қаласында 6-7 қарашада өткен "Шекара маңындағы ынтымақтастықты дамытудың өзектi мәселелерi" Ресей мен Қазақстан өңiраралық ынтымақтастығының ХVI форумы болды. Форумның жұмысына Ақмола облысының делегациясы қатысты.

"Жасыл экономиканы" дамыту және өңiрге инвестициялар тарту шеңберiнде Форум аясында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев "Авелар Солар Технолоджи" ЖШҚ "ХЕВЕЛ" компаниялары тобы еншiлес компаниясының бас директоры Игорь Шахраймен қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясының құрылысын салу жобасын жүзеге асыру туралы келiсiмге қол қойды.

Электростанцияны 2020 жылы iске қосу облыста жаңартылатын энергия көздерiнiң энергия өндiру үлесiн 40%-ға дейiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға парниктiк газдардың шығарылуын төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар, Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы мен Омбы облысының өнеркәсiп, байланыс, цифрлық және ғылыми-техникалық даму министрлiгi арасында ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылды. Қол жеткiзiлген келiсiм Омбы мен Ақмола облыстары арасындағы экономикалық қатынастарға және өзара тиiмдi сауда байланыстарын арттыруға серпiн бередi.

Форумда туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелерi де талқыланды. Жаңа туристiк өнiмдердi және осы саланы дамытуды ынталандыру шараларын ұтымды бiрлесiп енгiзу үшiн "Visit Aqmola" туристiк ақпараттық орталығы мен "Казкурорт" жауапкершiлiгi шектеулi қоғамы арасында меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, ресейлiк туроператорлармен бiрлесiп Бурабай мен Зерендi курорттарын дамыту және оларға ресейлiк туристердi тарту мәселелерi талқыланды.

Айта кетерлiгi, соңғы 10 жыл қатарынан Бурабай курорты ресейлiктер үшiн кеңiнен пайдаланылатын 5 курорттың қатарына кiредi. Росстаттың деректерi бойынша өткен жылы Бурабай Ресей туристерi арасында ТМД-нiң танымал курорттары рейтингiнiң көш басында болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны