11.09.2019, 23:25 22496

Ақмола облысының әкiмi Қазақстан мен Ресей арасындағы өңiраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын тексерді

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы өңiраралық ынтымақтастық форумына дайындық шеңберiнде салынып жатқан көлiк инфрақұрылымы мен ТҮКШ объектiлерiн аралап көрдi

Көкшетау. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы өңiраралық ынтымақтастық форумына дайындық шеңберiнде салынып жатқан көлiк инфрақұрылымы мен ТҮКШ объектiлерiн аралап көрдi.

Н.Назарбаев даңғылындағы жолды реконструкциялау облыс орталығының орталық бөлiгiне жүктеменi азайтуға мүмкiндiк бередi. Мұнда С.Жүнiсов және Абай көшелерiмен қиылыстарда жол жабынын жақсарту және 4 тарапты бұрылыстар құрылысын салу жүргiзiлуде. Өңiр басшысы мердiгерлердi сылбыр жұмыстары үшiн сынға алды, соның салдарынан Көкшетау қаласының қонақтары мен тұрғындары бiрқатар қолайсыздықтарды сезiнуде. "Бүкiл қаланы тоқтатып қойдыңыздар. Оның сiздерге қатысы жоқтай. Жедел режимде жұмыс iстеу керек, екi аусымға шығыңыздар", - дедi Ермек Маржықпаев, 20 қыркүйекке дейiн асфальт салып және Н.Назарбаев даңғылы мен С.Жүнiсов көшесi қиылысы жолының жүру бөлiгiн ашуды тапсырып.

Жағалау құрылысының бiрiншi кезегi басталды. Қала әкiмi Амангелдi Смаилов Қылшақты өзенi арқылы өтетiн жаңа көпiрдiң астына жақын аймақта төсеу жұмыстары аяқталғанын баяндады. Жақын күндерi диаметрi 1,5 метр свайларды қағудың бұрғылау қондырғыларын орнату жұмыстары басталады, бiрiншi жинақтау бөлшектерi жеткiзiлдi.

Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев Көктем шағын ауданындағы магистралдық инженерлiк желiлердiң, қалалық қазандықтан НПС көшесiне дейiнгi жылу магистралы учаскесiнiң құрылысымен, "Васильковский" және "Центральный" шағын аудандары арасындағы жолды орташа жөндеу барысымен танысты.

Мердiгерлермен кездесуде облыс әкiмi әрбiр объектiнiң маңыздылығын айтып, құрылыстың сапасын қамтамасыз ету қажеттiлiгiне баса назар аударды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны