26.05.2023, 11:54 39836

Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Күдікті 2017 жылдан бері іздеуде болған
Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған.

Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кету керек, кезекті Германияның күдікті адамды Қазақстанға бергені елдеріміз арасындағы сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны