08.04.2014, 20:04 2975

АЭФ аясында Астанада "2050 жылға дейінгі Қазақстан болашағының тұрақты энергетикасының Стратегиясы" панелді сессиясы өтеді

2014 жылдың 22 мамыр күні VII Астаналық экономикалық форумы аясында "2050 жылға дейін Болашақ Қазақстанның тұрақты энергетикасы Стратегиясы" панелді сессиясы өтеді.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың 22 мамыр күні VII Астаналық экономикалық форумы аясында "2050 жылға дейін Болашақ Қазақстанның тұрақты энергетикасы Стратегиясы" панелді сессиясы өтеді.

Илемдік қауымдастықтың қолдауына ие болған Жаһандық энергетикалық экологиялық стратегиясы мен ЭКСПО-2017 жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасын одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның, Ресейдің, АҚШ-тың және Канаданың ғалымдары "2050 жылға дейін болашақ Қазақстанның тұрақты энергетикасы стратегиясын" (бұдан әрі - Стратегия) әзірлеуде.

Аталған құжат тұрақты энергетика жөніндегі "Қазақстан-2050" Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Стратегия тұжырымдамасы VI Астаналық экономикалық форумының іс-шаралары шеңберінде ұсынылып, талқыланған. Сондай-ақ, әзірлеушілер БҰҰ Хатшылығының және БҰҰ-ның Бас хатшысы кеңсесінің қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді, нәтижесінде Қазақстанның ұллтық энергетикалық стратегиясын әзірлеу туралы шешімі қолдау тапты.

БҰҰ Хатшылығының өкілдері әзірленіп жатқан Стратегия "Біз қалаған болашақ" РИО+20 қорытынды құжатының рухына, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі "Баршаға арналған тұрақты энергетика" Бастамасының мақсаттарына (заманауи энергия көздеріне жаппай қол жеткізу, қайта жаңғыртылған энергия көздері үлесінің және энерготиімділікті екі есе арттыру) толықтай сай келетінін атап өтті.

Қазақстан ұлттық жаратылыстану академиясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен және "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамымен бірлесіп VII Астаналық экономикалық форумы шеңберінде "2050 жылға дейін Болашақ Қазақстанның тұрақты энергетикасы Стратегиясы" панелді сессиясын өткізуді жоспарлауда.

Осыған байланысты аталған панелді сессияны өткізуге даярлық ретінде мәлімденген (ұсынылған) спикерлермен онлайн-конференциялар өткізу жоспарланды.

Аталған іс-шаралар жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ энергетика мен "жасыл" технологиялар саласындағы отандық жетекші ғалымдар қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны