07.05.2009, 10:21 1282

Ағымдағы жылдың 3 айында әлеуметтік қамсыздандыру саласында 18 қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

Ағымдағы жылдың 3 айында әлеуметтік қамсыздандыру саласында 18 қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың 3 айында әлеуметтік қамсыздандыру саласында 18 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай кеше өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 3 айында әлеуметтік қамсыздандыру саласында 18 қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген залал соммасы 8 млн 800 мың теңгені құрады, 1 млн теңге өндірілді",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, аталмыш қылмыстардың ерекшелігі көпшілігінің материалды жауапты тұлғалармен жасалуында. Мысалы аталған 18 қылмыстың 8-і "Қазпошта" АҚ қызметкерлерімен жасалған.

Мәселен, Шығыс-Қазақстан облысында "Қазпошта" АҚ Бесқарағай бөлімшесінің бас бухгалтері Редкозубова Н. мүлкін тәркілеумен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2007-2008 жылдары бірнеше рет растайтын құжаттарсыз негізсіз шығару арқылы 2 млн 400 мың теңге ақшалай қаражатты ұрлаған.

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жылға бас бостандығынан айыруға Сайрам ауданының пошта бөлімшесінің бастығы Иманбаев Н. сотталды. Ол зейнетақы төлеуге бөлінген 1 млн 600 мың теңгені ұрлаған.

Осындай қылмыс үшін Сайрам ауданының тағы бір пошта бөлімшесінің бастығы қамауға алынды. Оның қылмыстық іс-әрекетімен мемлекетке 2 млн 600 мың теңге залал келтірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны