09.09.2009, 17:00 2964

Ағымдағы жылдың басынан бері бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 8 млрд 898 млн теңгені құрады

Ағымдағы жылдың басынан бері бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 8 млрд 898 млн теңгені құрады

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың басынан бері бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 8 млрд 898 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 7 айында қаржы полициясы органдарымен бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері бойынша 2584 қылмыстық іс қозғалған. Оның 517 қылмыстық ісі бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша қозғалған",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, аталмыш санаттағы қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 8 млрд 898 млн теңгені құрады.

Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде жасалатын бюджет қаражатын ұрлау мемлекетке айтарлықтай залал келтіруде, осындай фактілер бойынша қаржы полициясы органдары 140 қылмыстық іс қозғады. Бұл салада қылмыскерлер 6 млрд. 456 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған.

Құрылыс саласы әлі де бюджет қаражатын ұрлауға барынша бейім болып отыр.

Илеуметтік сала объектілерінің құрылысы барысында бюджет қаражатын ұрлау нәтижесінде мемлекетке ірі залал келтірілуде.

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру барысында орын алған бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықталды.

Бюджеттен бөлінген қомақты қаржы көлік және коммуникация объектілерінің құрылысы кезінде талан-таражға салынады.

Қалалық желілерді құрылысы мен жөндеуіне бөлінген бюджет қаражаты қазынаны талан-таражға салушылардың теріс пиғылдарын оятуда.

Қаржы полициясы органдары мемлекеттен әлеуметтік төлемақы ретінде бөлінген бюджет қаражатын ұрлаудың фактілерін анықтады.

Кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері орын алған, деді ресми өкіл.

Илеуметтік сала қызметкерлерімен жасалған бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері анықталды. Қаржы полициясы органдары мемлекеттік тапсырысты заңсыз баюдың көзіне айналдырған теріс пиғылды кәсіпкерлерді жауапқа тартуда,- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны