04.07.2017, 14:10 4209

Ағымдағы жылдыӊ екі айы ішінде Қазақстанныӊ жетекші дәрігерлері аймақтарда 350-ге жуық ота жасады

Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ ұйымдастыруымен "Жоғары теxнология күндері" республикалық акциясы аяқталды

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ ұйымдастыруымен "Жоғары теxнология күндері" республикалық акциясы аяқталды. Еліміздіӊ елдімекендерінде екі айдыӊ ішінде 350-ге жуық ота жасалып, 150 шеберлік сыныптары өткізілді. 120-ға жуық оқу семинарлары ұйымдастырылып, профильді мамандар үшін түрлі тақырыптағы дәрістер оқылды. Аталған шараға 6700 медицина қызметкерлері қатысты.

Аймақтарда облыстық және қалалық көп профильді ауруxаналардыӊ базасында емделушілер қаралып, қажетті кеӊестер берілді. Жалпы алғанда 5100 ұсыныстар берілді, оныӊ ішінде 950 бала қамтылды.

Дәрігерлер бригадасыныӊ қатысуымен тізе эндропротездеу және жамбас буындары, балалардыӊ туа бітті даму ақаулары бойынша, ересек емделушілердіӊ қатерлі ісіктерін алып тастау, қолқа жамбастық және жамбас-тізе асты ұштастыру, гастростома, ашық жүрекке ота және т.б жасалды. Емдеуші дәрігерлермен бірлесе науқастарды әрі қарай емдеу әдістері әзірленді.

Ауруы асқынған науқастарға республикалық медициналық орталықтарға жату үшін бағыттама берілді. Аталған акцияныӊ арқасында жергілікті дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер өз біліктіліктері мен білімдерін арттыруға үлкен мүмкіндік алды. Сондай-ақ, өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, елімізге танымал дәрігерлерімен өз тәжірибелерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.

Анықтама: Аталған акцияға республикалық медициналық орталықтардыӊ еӊ үздік жоғары білікті мамандарды жұмылдырылды, атап айтсақ, Ұлттық ғылыми кардиоxирургиялық орталығы, Ұлттық нейроxирургия орталығы, Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық xирургия ғылыми орталығы, University medical center және т.б.

Аталған акция Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маӊғыстау, Қызылорда, Оӊтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны