14.06.2013, 19:59 2782

Ағымдағы жылы Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы 68%-ға өсті

"Кедендік мәліметтерге сәйкес 2013 жылдың І тоқсанына Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымының көлемі 35,8 млн долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 68%-ға артық. Өткен жылы осындай мерзім аралығындағы тауар айналымы 21,3 млн АҚШ долларын құрады", - деді Б.Тәкежанов.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы 68%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Болат Тәкежанов сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Словения үкіметаралық комиссиясының II отырысында мәлім етті.

"Кедендік мәліметтерге сәйкес 2013 жылдың І тоқсанына Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымының көлемі 35,8 млн долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 68%-ға артық. Өткен жылы осындай мерзім аралығындағы тауар айналымы 21,3 млн АҚШ долларын құрады", - деді Б.Тәкежанов.

Сонымен қатар, ол Қазақстаннан Словенияға экспорт ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 7,3 млн долларды құрады, бұл өткен жылға қарағанда 8%-ға аз.

Өз кезегінде Қазақстаннан экспортталатын негізгі өнімі ферроқорытпа болып табылады, ол экспорт көлемінің 98,9%-ын құрайды.

Словениядан Қазақстанға импорт 2013 жылдың қаңтар-наурызында 28,5 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 есеге артық.

Осылайша, Қазақстанға Словениядан тасымалданатын негізгі өнім емдік дәрі-дәрмектер болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны