02.02.2012, 15:46 2888

Ахметов Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Бурабай мен Алматыда курорттық аймақтарды дамытудың жоспарын бекітуді тапсырды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов Астанада өткен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кеңейтілгеналқа мәжілісінде ведомствоға Бурабай мен Алматыда курорттық аймақты дамытудың жоспарын бекітуді тапсырды.

Астана. 2-ақпан. Kazakhstan Today - Ахметов Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Бурабай мен Алматыда курорттық аймақтарды дамытудың жоспарын бекітуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов Астанада өткен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кеңейтілгеналқа мәжілісінде ведомствоға Бурабай мен Алматыда курорттық аймақты дамытудың жоспарын бекітуді тапсырды.

"Қазақстан Президенті халыққа Жолдауында атап көрсеткен туризм бойынша 2 жоба бұл - Бурабай мен Алматыда курорттық аймағы. Осы екі жобаны қолға алайық та, Қазақстанда туризмнің қалай дамитынын көрсетейік. Солтүстікте де, оңтүстікте де туризмді өркендетуге толық мүмкіндік бар. Бұл жерде даму басымдықтарын айқындап, даму жоспарын бекіту керек", - деді С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны