16.09.2015, 13:48 3835

"Айбалта-2015" жауынгерлік әзірліктіӊ ауқымды тексерісі аяқталды

10 күн ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері Алматы облысындағы "Көктал" оқу-жаттығу полигонында "Айбалта-2015" жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Дағдарыстық ауданда бірлескен арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу 6 кезеӊге бөлінді

Астана. 16 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 10 күн ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері Алматы облысындағы "Көктал" оқу-жаттығу полигонында "Айбалта-2015" жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Дағдарыстық ауданда бірлескен арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу 6 кезеӊге бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірінші кезеӊде әскери қызметшілер әскерлердіӊ біріккен топтамасын жауынгерлік әзірлікке келтіруді пысықтады. Содан кейін жауапкершіліктіӊ белгіленген аймақтарында әскерлер топтамасыныӊ құрылуын дайындауды, ішкі қарулы шиеленісті оқшаулау және бұлтартпау жөнінде арнайы операцияныӊ жоспарлануы мен орындалуын жүргізді.

Оқу-жаттығу ауқымды болғандықтан, тактикалық тапсырмаларды орындау нысанында "төтенше жағдай" режімін қамтамасыз ету қисынды жалғасын тапты және заӊсыз әскери құралымныӊ ірі жасағын бұғаттау мен жою және әскерлердіӊ жаӊа дағдарыстық ауданға қайта топтасуы секілді сәттер негізгі сәттердіӊ бірі болды.

"ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы кенеттен тексеру практикасы ұдайы негізде жалғасып тұратынын бірнеше мәрте растады. Кешенді шаралар, кешенді тексерістер туралы сөз болғандықтан, осы жағдайда барлық арналар іске қосылады, яғни, аралас сұрақтар бойынша қорғаныс ведомствасы мен өзге де ведомствалардыӊ бірізділігі", - деп атап өтті оқу-жаттығу барысында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

"Айбалта-2015" оқу-жаттығуыныӊ ерекшелігініӊ бірі әскери қызметшілер жауынгерлік іс-қимылдар орнына құрамдастырылған маршпен, әуе және теміржол көлігімен, сондай-ақ күрделі өтілетін бағдарлармен келуі болып табылады. Ал батальон командирлері шынайы жағдайда бөлімшелерді басқарды және өздігінен шешім қабылдады. Бұл кәсіби тұрғыда оқып-үйретілген офицерлер корпусын қалыптастыру үшін өте қажет.

Іс-шара бірден бес облыста, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында өткенін айта кеткен жөн. Онда 10 000 әскери қызметші, Құрлық әскерлерініӊ 20-дан астам бөлімшесі, 2 000-нан аса бірлік техника тартылды. Мұндай тексерістерді өткізу әскерлердіӊ далалық дағдысын арттыру ісіндегі кезекті қадам.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны