10.07.2017, 18:39 4011

Ақмола облысы әкімініӊ жаӊа орынбасары тағайындалды

ҚР Президентi Икiмшiлiгiнiӊ келiсiмi бойынша және Ақмола облысы әкiмiнiӊ 2017 жылғы 10 маусымдағы өкiмiмен Олжас Абайұлы Бектенов Ақмола облысы әкiмiнiӊ орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен өткен аппарат кеӊесiнде айтылды

Көкшетау. 10 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Президентi Икiмшiлiгiнiӊ келiсiмi бойынша және Ақмола облысы әкiмiнiӊ 2017 жылғы 10 маусымдағы өкiмiмен Олжас Абайұлы Бектенов Ақмола облысы әкiмiнiӊ орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен өткен аппарат кеӊесiнде айтылды.

Аймақ басшысы аппарат кеӊесiнде экономика мәселелерi жөнiндегi өзiнiӊ жаӊа орынбасары Олжас Бектеновты таныстырды.

Сонымен қатар, облыс әкiмiнiӊ өкiмiмен Қали Сұлтанахмедұлы Рахметов облыс әкiмiнiӊ кеӊесшiсi болып бектiлдi.

Олжас Абайұлы Бектенов Қазақ мемлекеттiк заӊ академиясын тәмәмдаған, заӊ ғылымдарыныӊ кандидаты. Еӊбек жолын 2002 жылы әдiлет органдарында бастады. 2005 және 2009 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрi Кеӊсесiнде, кейiн ҚР Президентi Икiмшiлiгiнде әртүрлi лауазымдар атқарды. 2009-2012 жылдары ҚР Идiлет министрлiгiнiӊ Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi төрағасыныӊ орынбасары болды. 2012-2014 жылдары ҚР қаржы органдарында қызмет еттi.

2015-2016 жылдары Астана қаласы Мемлекеттiк сатып алу басқармасыныӊ басшысы, Астана қаласы әкiмiнiӊ аппарат басшысы, ҚР Президентi Хатшылығыныӊ меӊгерушiсi болды. Ақмола облысы әкiмiнiӊ орынбасары қызметiне тағайындалғанға дейiн Астана қаласы бойынша Жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы департаментiнiӊ басшысы қызметiн атқарды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны