26.06.2017, 16:19 2903

Ақмола облысы Бурабай ауданыныӊ әкімі ауысты

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалиннiӊ 2017 жылдыӊ 26 маусымдағы өкiмiмен ҚР Президентi әкiмшлiгiнiӊ және аудандық мәслихат депутаттарыныӊ келiсiмi негiзiнде Қанат Серiкұлы Қарауылов Бурабай ауданыныӊ әкiмi болып тағайындалды.

Көкшетау. 26 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалиннiӊ 2017 жылдыӊ 26 маусымдағы өкiмiмен ҚР Президентi әкiмшлiгiнiӊ және аудандық мәслихат депутаттарыныӊ келiсiмi негiзiнде Қанат Серiкұлы Қарауылов Бурабай ауданыныӊ әкiмi болып тағайындалды.

Аудан активiне жаӊа басшыны таныстырған облыс әкiмi өӊiрде бiрiншi кезекте шешiлуге тиiстi мiндеттер мен Елбасыныӊ тапсырмаларына тоқталып, ауданныӊ жаӊа әкiмiне алда тұрған ауқымды жұмыстарды ерекше атап көрсеттi. Сонымен бiрге, ол аудан активi алдында жаӊа әкiмге сенiм бiлдiрiп, белсендi жұмыс iстеуге шақырды. Өз кезегiнде ауданныӊ жаӊа әкiмi Қанат Қарауылов өзiне көрсеткен зор сенiмдерi үшiн облыс әкiмi мен депутаттарға алғысын бiлдiрiп, осы сенiмнен шығуға бар күш-жiгерiн аянбайтындығын жеткiздi.

Қанат Серiкұлы Қарауылов 1971 жылдыӊ 16 ақпанында Целиноград облысы, Атбасар қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қаржы және несие мамандығы бойынша Қазақ тұтынушылар кооперациясы институтын бiтiрдi. Еӊбек жолын 1999 жылы "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" ЖАҚ Астықты сақтау, өткiзу және тасымалдауды ұйымдастыру басқармасы Көлiк-экспедициясы бөлiмiнiӊ жетекшi маманы болып бастады. 1999-2003 жылдары - "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" АҚ Астықты сақтау, өткiзу және тасымалдауды ұйымдастыру басқармасы Келiсiмшарт бөлiмiнiӊ жетекшi маманы, бас маманы, Сатып алу және өткiзу басқармасыныӊ басшысы. 2003-2006 жылдары - "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" ЖАҚ Ақмола облыстық өкiлдiгiнiӊ директоры, "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" Астықты сатып алу және сату департаментiнiӊ басқарушы директоры, директоры; 2006-2007 жылдары - "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауды кепiлдендiру қоры" АҚ басқарма төрағасы. 2007-2008 жылдары - "ҚазАгроКепiл" АҚ басқармасыныӊ төрағасы. 2008-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентiнiӊ Iс басқармасы бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлiмi меӊгерушiсiнiӊ орынбасары, ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару бөлiмiнiӊ меӊгерушiсi, стратегиялық және инновациялық даму бөлiмiнiӊ меӊгерушiсi, Қазақстан Республикасы Президентiнiӊ Iс басқармасы аппаратыныӊ басшысы. 2013-2014 жылдары - Ақмола облысы Аршалы ауданыныӊ әкiмi. 2014-2015 жылдары - Ақмола облысы кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасыныӊ басшысы. 2015-2016 жылдары - "Қазақстан Республикасы Парламентiнiӊ Шаруашылық басқармасы" ММ басшысыныӊ орынбасары. 2016 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентiнiӊ 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 "Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасыныӊ кейбiр мәселелерi туралы" Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" ММ басшысыныӊ орынбасары болып тағайындалды. "Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасыныӊ тәуелсiздiгiне 20 жыл", "Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясына 20 жыл" мерекелiк медальдарiмен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны