10.04.2014, 19:28 3016

Ақмола облысында 28 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылады

"Балапан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4 жыл ішінде өңірде 15988 орындық 270 мектепке дейнігі білім беру ұйымы ашылды (66 балабақша мен 204 шағын орталық), деп хабарлайды облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылы Ақмола облысында 2325 орындық 28 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылады.

"Балапан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4 жыл ішінде өңірде 15988 орындық 270 мектепке дейнігі білім беру ұйымы ашылды (66 балабақша мен 204 шағын орталық), деп хабарлайды облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.

Осы уақыт аралығында 14 балабақша ашылып, 22 балабақшаны білім беру бөлімінің балансына қайтарып, қайта қалпына келтірді. 30 жаңа балабақша салынып, мектептер жанынан 204 шағын орталықтар пайда болды.2014 жылы тағы 2325 орындық 28 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылмақ.

Айта кету керек, "Балапан" бағдарламасының ішкі асырылғанының басты нәтижесі балабақшаға кезекте тұрған бүлдіршіндердің саны 15 мыңнан 13 мыңға дейін азайды. Осы орайда жыл сайын балабақшаға мұқтаж балалардың саны 2500-3000-ға дейін өсіп отыр. Қазірге дейін өңірдегі 0-7 жас аралығындағы балалардың саны 93 514-ті құрайды. Осылайша Ақмола облысында 31 280 баланы тәрбиелеп отырған 522 мектепке дейінгі білім беру мекемесі қызмет етіп тұр.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға баса назар аударылуда.Облыста 37 жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымы тіркелген, ондағы балалар саны 3797.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны