26.07.2017, 19:13 4015

Ақмола облысында Астананыӊ азық-түлiк белдеуiн қамтамасыз ету үшiн 12 жоба iске асырылуда

Сондай-ақ, экономикалық жаӊғырулар бағытында өӊiрде 18 жоба, сонымен бiрге, Астананыӊ азық-түлiк белдеуiн қамтамасыз ету үшiн 12 жоба iске асырылуда. Ет-сүт өнiмдерiн өндiру, оны экспорттау мен импорттау жұмыстары белсендi жүргiзiлiп келе жатқандығына ерекше тоқталды.

Көкшетау. 20 шілде. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Ақмола облыстық филиалыныӊ төрағасы, облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен өткiзiлген облыстық филиалдыӊ кезектен тыс ХХVIII партия конференциясында партияныӊ "Қазақстан 2021: Бiрлiк. Тұрақтылық. Жасампаздық" атты сайлауалды тұғырнамасы бойынша биылғы жылдыӊ алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындылары шығарылып, саяси кеӊес бюросыныӊ құрамына өзгерiстер енгiзiлдi және құқық бұзушылық пен қылмыстыӊ алдын алуға қатысты мәселелер талқыланды.

Конференция жұмысы басталған соӊ, мандаттық комиссияныӊ төрайымы А.Бергенованыӊ баяндамасы тыӊдалды. Бұдан соӊ, конференцияда "Қазақстан 2021: Бiрлiк. Тұрақтылық, Жасампаздық" атты сайлауалды тұғырнамасы бойынша ағымдағы жылдыӊ жартыжылдығында атқарылған жұмыс жайында облыстық экономика және бюджеттi жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Бауыржан Мәлғаждаров жан-жақты баяндады. Оныӊ мәлiмдеуiнше, бағдарламалық жоспар төрт тарапқа бағытталған.

Соныӊ iшiнде мектептердегi үш ауысымды оқуды болдырмау мақсатында республикалық бюджеттен бөлiнген қаржыныӊ жұмсалуына, мектептердi жөндеу және жаӊа бiлiм ордаларыныӊ бой көтеруiне орай жүргiзiлiп жатқан құрылыс жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ, экономикалық жаӊғырулар бағытында өӊiрде 18 жоба, сонымен бiрге, Астананыӊ азық-түлiк белдеуiн қамтамасыз ету үшiн 12 жоба iске асырылуда. Ет-сүт өнiмдерiн өндiру, оны экспорттау мен импорттау жұмыстары белсендi жүргiзiлiп келе жатқандығына ерекше тоқталды. Мәселен бұл өнiмдердiӊ көбi өз елiмiзбен қатар Ресей және Өзбекстан мемлекеттерiне жiберiледi екен. Сонымен бiрге, "Қазақстанда жасалған" деген логотиптер облыстыӊ мыӊнан астам кәсiпорындарында қолданылуда. Баяндамашыныӊ басты назар аударған бағыттардыӊ бiрi - техникалық кәсiптiк бiлiм беру жүйесi мен еӊбек нарығына қажеттi кадрларды даярлау мәселесi. Бұл орайда, облыста 4 техникалық кәсiптiк колледж бiлiм беруде және облысқа аса қажеттi жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау мақсатында ұйымдастырылған облыс әкiмiнiӊ гранты бар екендiгiне тоқталды. Ағымдағы жылдыӊ басынан берi тегiн техникалық кәсiптiк бiлiм беру жобасы енгiзiлiп жатқанына назар аударылды. Басқарма басшысыныӊ баяндамасында Елбасы "Нұр Отан" партиясыныӊ он жетiншi съезiнде алға қойған бес бағыт бойынша өӊiрде жұмыстар қарқынды жүргiзiлiп жатқандығы айтылды.

Саяси кеӊес бюросыныӊ отырысында iшкi iстер департаментi жергiлiктi полиция қызметiнiӊ бастығы, полиция подполковнигi Серiк Баймұқановтыӊ ағымдағы жылдыӊ алты айы бойынша өӊiрдегi құқық бұзушылықтар мен қылмыстардыӊ алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары жөнiндегi есебi тыӊдалды.

Сонымен қатар, кеӊес отырысында облыс бойынша қоғамдық қабылдаулардыӊ, аудандардағы қоғамдық кеӊестердiӊ, бастауыш партия ұйымдарыныӊ атқарып жатқан жұмыстарына қатысты есептер тыӊдалып, талқыланды. Кеӊес соӊында аймақ басшысы аудандардағы партия филиалдарыныӊ жұмыс белсендiлiгiн арттыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны