14.04.2011, 16:00 4871

Ақмола облысында ауылдың мас тұрғыны 8 жасар баланы зорлаған

Ақмола облысының Қойтас аулында жергілікті тұрғын 8 жасар баланы зорлаған деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көкшетау. 14 - сәуір. Kazakhstan Today - Ақмола облысының Қойтас аулында жергілікті тұрғын 8 жасар баланы зорлаған деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"28-жастағы жұмыссыз жігіт мас күйінде 8 жасар баланы зорлаған. Ол бұрындары ұрлық жасағаны үшін сотты болған",- деп хабарлады агенттік тілшісіне Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, баланың тік ішектері жарылып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетсек, 13-сәуір күні ШҚО 10 және 11 жастағы қыздарды зорлады деген күдікпен Глубоковск ауданының 23 жасар тұрғыны ұсталған болатын.

Фото: society.actualno.com.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны