16.05.2014, 20:33 2661

Ақмола облысында "БЖК-2020" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2,5 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыру үшін 2014 жылы 2,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Т.Хамитов.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Ақмола облысында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыру үшін 2014 жылы 2,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Т.Хамитов.

Қазіргі таңда "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 246 жоба мақұлданды. Соның ішінде 185 жобаға пайыздық үстемені субсидиялау үшін жалпы құны 39,6 млрд теңге болатын несие берілмек.

Айта кету керек, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Ақмола облысында шамамен 4 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Қазіргі таңда қаржылық емес қолдау шаралары 5,6 мың адамға көрсетілсе, шамамен 8,3 мыңдай қызмет көрсетілген.

"Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша 4,2 мың адам курс өтсе, "Іскерлік байланыс" жобасы арқылы 114 адам білімін толықтырған.

Айта кету керек, 2010-2013 жылдары "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыру үшін мемлекет тарапынан Ақмола облысына 3,1 млрд теңгедей қаржы салынған. Биыл бағдарламаны іске асыру үшін тағы 2,5 млрд теңге бөлінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны