24.07.2014, 21:13 5706

Ақмола облысында мүгедек балаларды қолдауға арналған акция өтті

Мүгедек балаларға арналған "Аяулы алақан" акциясы өңірде өткізілді, - деп Ақмола облысы әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan today. Мүгедек балаларға арналған "Аяулы алақан" акциясы өңірде өткізілді, - деп Ақмола облысы әкімдігінен хабарлады.

Акция барысында қала мен аудандарда әр түрлі шаралар өтті: "Жаз, армысың!" тақырыбындағы инклюзивті сынып оқушыларының көрмесі, "Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз" конференциясы өтті. "Біз біргеміз" клуб жұмысы аясында Көкшетау қаласының №4 инклюзивті мектебінде құлағының мүкісі бар балаларға мереке ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайына назар аударту үшін облыстық білім беру басқармасы "Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жағдайын ескеру" дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстелге білім беру басқармасының жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер, бейімдеу мектептерінің директоры, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қатысты.

Отырыста мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, әлеуметтік бейімдеу, мамандық алу және еңбекке бейімдеуді жүзеге асыру талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны