23.10.2017, 15:08 6392

Ақмола облысында спорттық-сауықтыру кешенініӊ ашылу салтанаты өтті

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин кезекті жұмыс сапарымен Сандықтау ауданында болып, спорттық-сауықтыру кешенініӊ ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйледі.

Көкшетау. 23 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин кезекті жұмыс сапарымен Сандықтау ауданында болып, спорттық-сауықтыру кешенініӊ ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарды аралап, аудан активінде өӊірдіӊ 2017 жылдыӊ тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындыларын саралап, алдағы міндеттерді белгіледі.

Осы күні аудан орталығында спорттық-сауықтыру кешені ашылды. 180 келушіге арналған кешенніӊ құрылысына 250 миллион теӊге бөлінген.

"Облыста спорттық инфрақұрылымдарды дамытуға зор көӊіл бөлінуде. Қазіргі заманғы спорт алаӊдары, стадиондар, дене шынықтыру және сауықтыру алаӊдары салынуда. Жыл басынан бері облыста 35 спорт нысаны пайдалануға берілді. Жастар спортпен шұғылдануға көӊіл бөлуде. Бұл жағынан алғанда Сандықтау ауданыныӊ спортшылары көш бастап тұр", - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Кешенніӊ ашылуына қатысқан аймақ басшысы спорт нысаныныӊ ішін аралап көрді. Ғимаратта футбол, фитнес алаӊдары және жабық бассейн бар. Қазіргі кезде аудан орталығында 200 орындық мектептіӊ құрылысы жүргізілуде. Аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов осы мектептіӊ жанында жаӊа шағын аудан тұрғызу жоспарланып отырғанын атап өтті. Оған қоса, өӊір басшысы аудан орталығында қалпына келтірілген орталық алаӊды аралап көрді.

Аудан активінде тұрғындардыӊ ауыз су, жол және тұрмыстық кейбір мәселелері төӊірегінде қойған бірқатар сауалдарына байланысты тиісті орындарға нақты тапсырма берілді. Актив жиналысын қорытындылаған облыс әкімі барлық ірі шаруашылық құрылымдары, басқа да кәсіпорындар әлеуметтік салаға көмек беруге тиістігін қадап айтты. Өӊір басшысы өзге де салаларға тоқталып, орын алған кемшіліктерді бірлесе жұмыс істеу арқылы ғана жоюға және жыл соӊына дейін барлық салалар бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізуге болатынын ескертті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны