31.05.2007, 17:25 7149

Ақмола облысында заңсыз алтын өндірудің жолы кесілді, құрамында алтыны бар байытылған 800 тонна шикізат тәркіленді

АСТАНА. 31 - мамыр. Kazakhstan Today.Арнаулы қызмет Ақмола облысында заңсыз алтын өндірудің жолын кесті, "Қазақалтын" ГМК" АҚ кенішінен ұрланған байытылған құрамында алтын бар 800 тонна шикізат тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комиетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың 15-20 мамырында Ақмола облысының Степногорск, Ерейментау қалаларында, Бестөбе, Жолымбет, Изобильное, Ақсу, Заводской ауылдарында құрамында алтыны бар шикізатты сатып алу және алғашқы өңдеумен айналысатын коммерциялық құрылымдардың заңсыз іс-қызметтерінің жолы кесілді. "Қазақалтын" тау-кен металлургиялық комбинаты " АҚ жерасты шахталық өңдеу орнынан жасырын бригада құрамын кіретін Қазақстанның 30, Өзбекстанның 7 азаматы ұсталды", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Арнаулы қызметтегілер, кенді қайта өңдеуге қатысты 32 жасырын цех анықталып, айтарлықтай көлемдегі химиялық реактивтер тәркіленіп, құрамында алтын бар 120 тонны концентраты бар екі вагон ұсталғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, заңсыз бизнесті ұйымдастырушылардан 32 мыңнан асып жығылатын АҚШ доллары, 26 миллионнан астам теңге және 150 мың ресей рублі тәркіленді. "Қылмыстық топтың жетекшілерінің бірінен тінту барысында 350 шайма алтын, 23 млн 320 мың теңге көлеміндегі ақша, құрамында алтын бар шикізатты өңдеуге арналған химиялық реагенттер мен құралдар, сонымен қатар 9 граммға жуық героин тәркіленген",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттарына сүйенсек, ұсталғаннан "аммонит-6ЖВ" жарылғышының 53 шашкасы, 57 метр детонациялық сымдар, Калашников автоматының 87 оғы, тіркелмеген 7 аңшы мылтығы тәркіленген.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, құрамында алтын бар концентратты заңсыз сатумен айналысқан жеті коммерциялық фирманы құрушылар мен ұйымдастырушылардың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 193-бабының 3-тармағының "б" тармақшасында қарастырылған (ұйымдасқан топпен заңсыз жолмен табылған ақша-қаражатты немесе басқа да мүліктерді заңдастыру) қылмыстардың белгілері бойынша бес қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны