09.12.2012, 13:53 2899

Ақмола облысының әкімдігі Бурабай кентінен ойын бизнесінің нысандарын көшіру туралы қаулы қабылдады

2007 жылы ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңы қабылданған, оның аясында 2009 жылы тиісті қаулы негізінде Бурабай кенті ойынханалар мен ойын автоматтары залдарын орналастыру орны болып таңдалды.

Астана. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақмола облысының әкімдігі Бурабай кентінен ойын бизнесінің нысандарын көшіру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

2007 жылы ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңы қабылданған, оның аясында 2009 жылы тиісті қаулы негізінде Бурабай кенті ойынханалар мен ойын автоматтары залдарын орналастыру орны болып таңдалды.

"Ойын бизнесінің нысандары Бурабай кентінен Шортанды көлі жағалауының оңтүстік-шығыс бөлігіне ауыстырылатын болады. Бұл шешім объективті қажеттіліктен туындап отыр. Еркін экономикалық аумақ жағдайында аталмыш территория жоғары тиімділікті және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым құру, қолайлы инвестициялық ахуалды құру, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында анықталды", - делінген хабарламада.

Бұнымен қоса, әкімдікте атап айтқандай, ойын бизнесінің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жағымсыз әсер ететіндігіне алаңдаушылық білдіріп отырған жергілікті халықтың мүдделері де ескерілді. Жаңадан белгіленген территория бір де бір елді мекенді қамтымайды.

"Ойын бизнесінің нысандарын көшіру халықаралық стандарттарға сәйкес туристік қызметтерді және жалпы туризмді дамытуды ынталандырады, аталған жердегі құрылыс саласының артуына себептесетін болады", - деп түсініктеме берді Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны