26.06.2017, 10:07 4273

Ақмола облысыныӊ әкімі Астрахан ауданында жұмыс сапарымен болды

Облыс басшысы Астрахан ауданыныӊ Новочеркасск селосында орналасқан "Нұр-А" ауыл шаруашылығы кооперативiнде болып, жұмысымен танысты.

Көкшетау. 9 маусым. Kazakhstan Today - Облыс басшысы Астрахан ауданыныӊ Новочеркасск селосында орналасқан "Нұр-А" ауыл шаруашылығы кооперативiнде болып, жұмысымен танысты. Кооперативтiӊ төрайымы Гүлбаршын Қожахмет өз сөзiнде "Ауыл шаруашылығын қолдау қоры" акционерлiк қоғамы арқылы қомақты несие алып, сүт салқындатқыш пен сүт таситын арнайы көлiк сатып алғанын, жақын арада сүт өӊдейтiн қондырғы сатып алатынын, бес адамды жұмыспен қамтып отырғанын айтып бердi. Сүт өнiмдерi ауданныӊ әлеуметтiк мекемелерi мен сауда орындарына өткiзiлетiн болады. Аймақ басшысы мұндай нысан ауданныӊ өзге елдi мекендерiнде де болу қажеттiгiн атап өттi. Бұдан кейiн ол жақын арада пайдалануға берiлген "Тасбұлақ" жеке кәсiпорныныӊ минералды су өндiретiн кешенiнiӊ цехтарын аралап көрдi. Сегiз адамды жұмыспен қамтып отырған кәсiпорын тәулiгiне 4 мыӊ литр өнiм шығара алады.

Кәсiпкерлiк мемлекет тарапынан жан-жақты қолдануға ие екендiгiн айтқан облыс басшысы аудан орталығында орналасқан №6 агротехникалық колледжде болып, оқу бөлмелерiн аралап көрдi. Өткен жылы бөлiнген қаржыға бiлiм шаӊырағыныӊ қосалқы шаруашылығыныӊ қорасына күрделi жөндеу жұмысы жүргiзiлген. Колледж аумағы абаттандырылып, жолдарға асфальт төселген. Мұнда 339 оқушы аспазшы, көкөнiс өсiрушi, механизатор, жүргiзушi мамандықтары бойынша мемлекеттiк және ресми тiлдерде бiлiм алады.

Облыс әкiмi шаштараз дайындайтын арнайы курсқа назар аударып, бұл үрдiстi өзге аудандарға үлгi ету қажеттiгiн атап өттi. Бұл курста Жарқайыӊ мен Целиноград аудандарынан келiп оқитын оқушылар бар екен. Жұмыс сапарыныӊ барысында өӊiр басшысы аудандық мәдениет үйi мен Жалтыр селосындағы дәрiгерлiк амбулаторияныӊ жағдайымен танысты.

Аудан активiн өткiзiп, ауданныӊ биылғы жылғы қаӊтар-сәуiр айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын қорытындылап, оӊ бағасын бердi. Көктемгi егiстi қысқа мерзiмде аяқтаған диқандарға алғысын бiлдiрдi. Мал шаруашылығыныӊ кейбiр мәселелерiне тоқталып, мал басы мен ауыл шаруашылығы кооперативiнiӊ санын көбейтудi, кәсiпорындардыӊ толық қуатында жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi тапсырды. Ауданда балабақша кезегiнде тұрғандар көп. Аймақ басшысы бұл мәселенi мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiгi аясында шешуге болатынын атап өттi. Тиiстi басшыларға медициналық сақтандыру мәселесiн шешудi тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны