17.06.2014, 20:14 2634

Ақмола облысының әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі С. Кулагин жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Облыс әкімі С. Кулагин жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

Бурабай ауданында аймақ басшысы, 2 мектептің бүгінгі жай күйімен танысып, аудандық ауруханада болды. Білім ошақтарының ғимаратын аралаған облыс әкімі, мектеп айналасына ағаш отырғызып нысандардың ішімен қатар, сыртқы келбетіне баса назар аудару қажет деп ескертті.

Бурабайдағы көпсалалы ауданаралық ауруханада болған С. Кулагин емдеу мекемесінде шақалақтардың денсаулығын бақылауға арналған қосымша қондырғы сатып алу қажеттігін алға тартты, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Бүгінгі күні аудандық ауруханада 137 түрлі ота жасалады. Сапары барысында аймақ басшысы Бурабайдағы 9 қираған үйдің ғимаратына назар аударып, оның құрылысын жандандыру қажет деді. Тек осы 9 ғимаратты қалпына келітіру үшін 90 млн теңге қажет екен.

Бурабай ауданында жылу мауысымында 5 жылу қазандығы жұмыс істейді. Аймақ басшысы сапары барысында жылу қазандықтарының алдағы қыс маусымына дайындығын пысықтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны