13.11.2017, 13:46 4627

Ақмола облысыныӊ әкiмi Фейсбук желiсiнде парақша ашты

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин өӊiр тұрғындарына атқарылған жұмыстар жөнiнде баяндап, олардыӊ пiкiрлерiне құлақ асу мақсатында Фейсбук желiсiнде парақша ашты.

Көкшетау. 13 қараша. Kazakhstan Today -Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин өӊiр тұрғындарына атқарылған жұмыстар жөнiнде баяндап, олардыӊ пiкiрлерiне құлақ асу мақсатында Фейсбук желiсiнде парақша ашты.

Өӊiр басшысы өз парақшасында: "Құрметтi достар! Facebook-те өз парақшамды ашу еӊ алдымен жұмыс бабымен қажеттiлiк туғызды. Ақпараттық ашықтық өӊiр тұрғындарына Ақмола облысындағы мемлекеттiк органдарда атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар болумен қатар өз пiкiрлерiн айтуға да мүмкiндiк бередi", - деп мәлiм еттi.

Сонымен бiрге, әкiм Ақмола облысыныӊ Астана iргесiндегi еӊ iрi ауылшаруашылығы аймағы екенiн атап өттi. Елбасыныӊ Астана қаласыныӊ азық-түлiкпен қамту белдеуiн одан әрi дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бүгiн Астанада "AQMOL" - атты сауда желiсiнiӊ алғашқы дүкенi ашылатынын хабарлады. "Астана тұрғындары мен қонақтарын 2017 жылдыӊ 11 қарашасында "Нұр Аспан" тұрғын үй кешенiндегi "AQMOL" дүкенiнде күтемiз! Мұнда сiздер үшiн сапалы әрi қолжетiмдi бағамен ет, сүт, нан өнiмдерi сатылатын болады. Алғашында Астанада бұл жобаныӊ үш сауда желiсi ашылады, кейiнiрек дүкендер санын онға дейiн арттыру көзделген", - деп өз сөзiн толықтырды М.Мырзалин.

Өӊiр басшысыныӊ айтуынша, бастапқыда "AQMOL"сауда желiсiнде: "Агрофирма "Родина", ЖШС, "Ижевский", КК, "Астана Агро Продукт", "CAPITAL PROJECTS LTD", "Гормолзавод", "Торговый Дом "Айна" сияқты танымал ақмолалық кәсiпорын тауарлары қолжетiмдi бағамен сатылмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны