26.11.2017, 12:27 4563

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин студенттерге лекция оқыды

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин 24 қарашада Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiнiӊ студенттерiмен кездесiп, аймақтыӊ әлеуметтiк-экономикалық даму қортындылары туралы лекция оқыды.

Көкшетау. 26 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин 24 қарашада Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiнiӊ студенттерiмен кездесiп, аймақтыӊ әлеуметтiк-экономикалық даму қортындылары туралы лекция оқыды.

Облыс әкiмi өӊiрдiӊ ауылшаруашылығы, индустриалды, шағын-және орта бизнес пен әлеуметтiк салалалардағы даму көрсеткiштерi туралы айтып, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

"Елбасымыз өзiнiӊ биылғы "Қазақстанныӊ үшiншi жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк" жолдауында бiз адамдық капиталды тек бiлiмдi өркендету арқылы одан әрi дамытамыз, XXI ғасырдыӊ бастаушы күшi жастар деп айтты. Бүгiнгi таӊда бiздiӊ аймақта бiлiм саласын одан әрi дамыту мен жастарды қолдауда бiршама жұмыстар атқарылған",-дедi Мәлiк Мырзалин.

Облыста кадр жетiспеушiлiгi мәселесiн тиiмдi шешу үшiн жыл сайын аймақ басшысыныӊ стипендиясы үшiн қаржы көлемi көбейтiлуде. Егер 2016 жылы бұл мақсатқа 65,5 млн теӊге бөлiнiп 192 грант үлестiрiлсе, биыл бұл қаржы 102 млн теӊгеге дейiн артты.

"Елдi-мекендердегi медицина саласындағы маман жетiспеушiлiгi мәселесiн шешу үшiн бiз шаруашылық нысандарымен бiрiгiп, 260 студенттi елiмiздегi iргелi медициналық университеттерге оқуға жiбердiк. Сондай-ақ, облыс орталығына келген жоғары санаттағы дәрiгерлерге 20 пәтер берiлдi. Сонымен қатар, Көкшетаудағы Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттiк университет базасында жылына 100 маман әзiрлейтiн медицина факультетiн ашу мәселесiн қарастырылуда. Бұған қоса, осы университеттiӊ профессорлық ұстаздар құрамына 3 қызметтiк пәтер берiледi.

Бұған қосымша осы жылы алғақшы рет аймақта педагогикалық мамандықты таӊдаған жастарға облыс әкiмiнiӊ 100 гранты бөлiндi. Бұл екi мәселенi бiрден шешедi, аймақтағы кадр жетiспеушiлiгi мен жоғары бiлiм алуға ниеттi жастарға қолдау болады",-деп атап өттi Мәлiк Мырзалин.

Кездесу барысында облыс әкiмi жастардыӊ сауалдарына жауап берiп, студенттермен бiрiгiп фотосуретке де түстi.

Сондай-ақ "AKMOLA POWER" инновациялық жобалар байқауыныӊ жүлдегерi мен облыс әкiмiнiӊ стипендиясы иегерлерiне сертификаттар табыстады.

Атап айту керек, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде қазiргi уақытта 89 мамандық бойынша 5523 студент бiлiм алады. Оныӊ iшiнде 53 бакалавриат, 30 магистрант, 6 PhD-докторант бар. Оқу орнында 332 қызметкер жұмыс iстейдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны