26.06.2017, 16:16 3726

Ақмола облысыныӊ Атбасар ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналып баспана салынады

"Жалпы қазiр Атбасарда он бiр 5 қабатты тұрғын үй салынады, оныӊ алтауы биыл, қалғаны келесi жылы пайдалануға берiледi", - дедi М. Мырзалин.

Көкшетау. 26 маусым. Kazakhstan Today - Бұл туралы өӊiрлiк коммуникациялар қызметiнде жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкiлдерiмен өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалин мәлiм еттi.

Аймақ басшысыныӊ айтуынша, көктемгi су тасқыны кезiнде облыстағы 7 ауданыныӊ 34 елдiмекенiндегi 839 тұрғын үй суда қалған. Исiресе, Атбасар ауданы қатты зардап шегiп, 650 астам нысан, оныӊ 644-i тұрғын үй суда қалды. Оған қоса, көлiк коммуникациясына айтарлықтай залал келген. Табиғат апатыныӊ зардаптарын жоюға облыстық 513 миллион теӊге қаржы бөлiнсе, оныӊ 189 миллион теӊгесi зардап шеккендерге бiр реттiк жәрдемақы төлеуге жұмсалды. "Соӊғы 4 жылда Жабай өзенiнiӊ арнасынан асуы атбасарлықтардыӊ тұрмысына керi әсерiн тигiзуде. Сол себептi, аталмыш мәселенi шешу үшiн облыс әкiмдiгi тарапынан ҚР Үкiметiне Жабай өзенiн бойлай қорғаныс бөгетiн салу үшiн техникалық сараптама комиссиясын құру туралы ұсыныс жасалды", - дедi облыс әкiмi.

Арнайы құрылған комиссия ағымдағы жылдыӊ 9 маусымында Атбасар қаласында болып, Жабай өзенiнiӊ су басу қаупi жоғары аумақтарын зерттеген. Комиссия қорытындысы бойынша өзен жағасын бойлай үйiлген топырақ төтенше жағдайды алдын алмақ.

"Жалпы қазiр Атбасарда он бiр 5 қабатты тұрғын үй салынады, оныӊ алтауы биыл, қалғаны келесi жылы пайдалануға берiледi", - дедi М. Мырзалин.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны