22.12.2006, 16:00 2896

Ақмола облысының аумағыда лаңкестік топ жойылды (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Ақмола облысының Степногорск аумағында лаңкестік топ жойылды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰҚК-нің ресми өкілі Кенжеболат Бекназаров құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Лаңкестік топтың он бір мүшесін ұстау операциясы ағымдағы жылдың 16-қарашасында іске асырылды",- деді К.Бекназаров.

ҰҚК өкілінің ақпаратына сәйкес, "Степногорск жамааты" атты топтың мүшелері экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерге дайындалып жатқан". "Ұсталғандардың тұрғылықты жерлеріндегі тінтулер кезінде қару-жарақтар мен оқ-дәрілер, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, үлкен көлемде жарылғыш заттар мен экстремистік сипаттағы баспа өнімдері табылды",- деді ол.

ҚР ҰҚК-нің мәліметтерінше, "топ мүшелері бірқатар операциялар өткізіп, жекелеген банктер мен инкассаторларға шабуылдар жасамақшы болған".

К. Бекназаровтың хабарлауынша ұсталғандар өз кінәларын мойындап отыр. Олардың әрекеттерінің негізгі мақсаты "Степногорск қаласының әкімшілік ғимараттарын, бірінші кезекте құқық қорғау құрылымдарының ғимараттарын қирату" болған. "Бұл әрекеттерін жүзеге асыру үшін оларға, әрине ақша қажет болған, осыған байланысты олар инкассаторларға шабуыл жасау жоспарын құрған. Онда олардың инкассатор машинасын қайда, қалай ұстаудың нақты сызбасы, күні, уақыты нақты көрсетілген", - деді ҰҚК өкілі.

Сондай-ақ, "топқа негізінен біздің облыстың жас, жұмыссыз тұрғандары кірген, оларды топқа тартушы әртүрлі коммерциялық сипаттағы ұсыныстармен қызықтарған", деді ол.

ҰҚК ақпарат көзі агенттік тілшісіне қазіргі уақытта осы топты құруға және оның мүшелерін тартуға шетелдік эмиссарлардың қатысы болу мүмкіндігі тексеріліп жатқанын құпия түрде хабарлады. "Құрықталған кейбір тұлғалардың мойындауынша, оларды осы топқа тартушыларға шет елден үнемі телефон қоңыраулары түсіп тұрған", - деді ақпарат көзі.

К.Бекназаровтың хабарлауынша, сонымен бірге 2006-жылы Ұлттық қауіпсіздік мекемелері Қазақстанда іс-қызметіне тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының жеті бөлімшесінің жұмысын тоқтатты. "Осының нәтижесінде үлкен көлемде басылып шыққан әдебиеттер мен баспахана жабдықтары тәркіленді". Атап айтсақ, 25 мыңнан астам үнпарақтар мен 700 дана экстремистік әдебиет тәркіленді. "Операцияның нәтижесінде елімізге экстремистік әдебиеттер мен шетелдерден қаржы жіберілетін жолдар жабылды",- деді К.Бекназаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны