20.05.2014, 21:56 3092

Ақмола облысының денсаулық сақтау бюджеті биыл 22,2 млрд теңгені құрады

Ақмола облысының денсаулық сақтау бюджеті биыл 22,2 млрд теңгені құрады. 2013-2015 жылдарға арналған материалдық-техникалық базасын нығайтудың үш жылдық бағдарламасы бойынша 1 млрд 548 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. Ақмола облысының денсаулық сақтау бюджеті биыл 22,2 млрд теңгені құрады.

2013-2015 жылдарға арналған материалдық-техникалық базасын нығайтудың үш жылдық бағдарламасы бойынша 1 млрд 548 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Осы қаражаттың ішінде биыл 15 денсаулық сақтау нысанын жөндеу үшін 884,3 млн теңге қарастырылды.

Биылғы жылдың бірінші маусымында Ақмола облыстық №2 ауруханасы жанынан санитарлық апат бөлімі ашылды. Ондағы мақсат Астана жанындағы жеті ауданның халқына медициналық қызмет қолжетімділігін арттыру.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста компьютерлі томография кабинеттері ашылды. Ол облыстық балалар ауруханасы мен онкологиялық диспанцерінде және Ақмола облыстық ауруханасында орналасқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны