08.08.2017, 19:48 5144

Ақмола облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасыныӊ басшысы болып Нұрлан Бекенов тағайындалды

Кеше Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген аппарат кеӊесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және селолық әкімдер сайлауына әзірлік барысы пысықталды.

Көкшетау. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Кеше Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген аппарат кеӊесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және селолық әкімдер сайлауына әзірлік барысы пысықталды.

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өзініӊ өкімімен үстіміздегі жылдыӊ 31-ші шілдесі күні Нұрлан Жексенбайұлы Бекеновтыӊ облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасыныӊ басшысы болып тағайындалғанын хабарлады. Нұрлан Жексенбайұлы Солтүстік Қазақстан облысыныӊ Тайынша ауданына қарасты Кеӊес ауылында 1961 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. Еӊбек жолын 1982 жылы бұрынғы Көкшетау облысыныӊ Тернов кеӊшарында бастаған. Қаржы саласында көп жылғы бай еӊбек тәжірибесі бар. Жаӊа қызметке тағайындалғанға дейін, 2011 жылдыӊ тамыз айынан бері Ақмола облыстық мемлекеттік ішкі аудит департаментініӊ басшысы болып қызмет атқарған.

Аппарат кеӊесінде Қазақстан Республикасыныӊ премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ облысқа ресми іссапарыныӊ нәтижесі қорытындыланды. Облыс әкімі Мәлік Мырзалин премьер-министрдіӊ өӊірдіӊ ахуалымен танысқан кезінде атқарылып жатқан шаруаға оӊ баға бергенін айтып өтті.

Мұнан соӊ кеӊесте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі талқыланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Сәуле Қисықова қоғамды елеӊдетіп отырған осы бір өзекті шаруаныӊ бүгінгі тынысын қамтып, хабарлама жасады.

Қазіргі күні міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен облыс тұрғындарын қамту жұмысы қауырт жүргізілуде. Ийтсе де, облыстағы негізгі көрсеткішті бірнеше аудандар кейінге тартып отыр. Олардыӊ қатарынан небәрі 31,3 пайызды құрайтын Қорғалжын ауданын, 35,7 пайызды құрайтын Зеренді ауданын, 39,8 пайызды құрайтын Көкшетау қаласын айта кетуге болады. Ұзын ырғасы 10 аудан. Міне, осындай себептен Ақмола облысы республика бойынша үшінші орында. Халықтыӊ арасында түсінік жұмыстарын бұрынғыдан да ширата жүргізу, кеӊінен қамту мәселесі туындап отыр.

Мұнан соӊ облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы Дина Ахметжанова алға қойылып отырған міндеттер үдесінен шығу барысында қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жайында баяндап берді.

Өӊір басшысы әлеуметтік-тұрмыстық маӊызы зор, бас-ты байлық болып саналатын халықтыӊ денсаулығын көздіӊ қарашығындай сақтауға қатысты соқталы мәселені серпінді шешу үшін тез арада ел ішіне барып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек екендігіне тоқталды. Тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2013 жылдыӊ 24 сәуіріндегі Қазақстан Республикасыныӊ аудандық маӊызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтіӊ құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерініӊ сайлауын өткізу туралы Жарлығына сәйкес үстіміздегі жылдыӊ 8 тамызы күні өткізілетін сайлауға әзірлік мәселелері талқыланды. Осы тақырып бойынша облыстық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Иділхан Шаяхметов хабарлама жасады. Облыс бойынша өкілетініӊ төртжылдық мерзімі аяқталған аудандық маӊызы бар қалалар, ауылдық округтіӊ құрамына кірмейтін кенттер мен ауыл әкімдерініӊ сайлауы өткізіледі.

Орталық сайлау комиссиясыныӊ ұсынысына сәйкес сайлауды өткізу үшін облыста дауыс беретін 19 орын жабдықталған. Дауыс беретін бюллетеньдерге 157 селолық округ бойынша 460 кандидат енгізілген. 13 округте екі кандидаттан, 142 округте үш кандидаттан, ал, екі округте төрт кандидаттан тіркелген. Атқарылған жұмысты екшеп айта келе Иділхан Асылханұлы бұл өзекті мәселеде ешбір қолбайлау жоқ екендігін мәлімдеді. Кеӊес соӊында өӊір басшысы күн тәртібінен туындайтын кейбір мәселелер бойынша нақтылы тапсырмалар берді.

Кеӊеске облыс әкімініӊ орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердіӊ және ведомстволардыӊ басшылары қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны