07.05.2008, 10:28 1441

Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Отырыс барысында ел өміріне рәміздерімізді енгізу және пайдаланудың өзекті мәселелерін талқыланды, деп толықтырды баспасөз қызметі.

"Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында еліміздің егемендігін, өзіндік болмысы мен тарихи мәнін айшықтайтын мемлекеттіліктің өзіндік рәміздері қалыптасты", - деді мемлекеттік хатшы өз сөзінде.

"Осындай жас мемлекет үшін мемлекеттік рәміздер қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда мемлекеттік шекара мен билік органдары сияқты ерекше мәнге ие" - деп атап өтті ол.

Жалпы алғанда, баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгендей, отырыс барысында Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның 2007 жылғы хаттамалық тапсырмаларының мемлекеттік органдарда орындалу барысы және мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану мен насихаттау жөніндегі еліміздің бірқатар аймақтарындағы жұмыстар қаралып, талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссияның тиісті хаттамалық шешімі қабылданды.

Отырыс мемлекеттік рәміздер тарихындағы маңызды оқиға болып саналатын жыл сайын 4 маусымда аталып өтетін Мемлекеттік рәміздер күні және "Мемлекеттік рәміздер туралы" жаңа Конституциялық Заңды қабылдау күні қарсаңында өтті.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Мемлекеттік Елтаңбаның эталоны дайындалып, мемлекеттік рәміздерді орналастыру, ауыстыру және пайдаланудың жаңа тәртібі әзірленген еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны