01.02.2010, 15:07 3263

Ақордада президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өтті

Ақордада президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өтті

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске премьер-министр К. Мәсімов, президент әкімшілігінің басшысы А. Мусин, президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М. Тәжин қатысты.

Онда Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарына арналған "Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жөніндегі бірқатар бірінші кезектегі шаралар талқыланды.

Кеңес барысында сондай-ақ еліміздің құқық қорғау жүйесін реформалау және құқық қорғау тәртібін нығайту жөніндегі жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны